Нау 03, 2021 19:30 Asia/Almaty
  • Имам Хомейнидің мектебінде  (30)

Имам Хомейни Ислам революциясының амрандары мен құндылықтарына сүйеніп, Иранда үкіметтің жаң үлгісін құрды. Бұл үлгі бір жақтан Батыста кең таралған либералды демократия мен социал демократияның және басқа жақтан Шығыс қоғамдарында, соның ішінде Иранда бұрыннан қалыптасқан авторитарлық және патриархалдық биліктердің баламасы.

 

Имам Хомейни Ислам революциясының амрандары мен құндылықтарына сүйеніп, Иранда үкіметтің жаң үлгісін құрды. Бұл үлгі бір жақтан Батыста кең таралған либералды демократия мен социал демократияның және басқа жақтан Шығыс қоғамдарында, соның ішінде Иранда бұрыннан қалыптасқан авторитарлық және патриархалдық биліктердің баламасы.

Діни халық демократия – Ирандағы монархиясының озбырлығын жеңген, сондай-ақ әлемдегі танымал билік модельдерін, әсіресе либералды демократия мен социал-демократияның  сынға алған   Ислам революциясының дискурсынан шабыт алған үлгі. Ислам революциясы діни халық демократия мен Ислам республикасына дем беріп, Иранның саяси және құқықтық жүйесін діни демократияға негіздеді.  Саяси идеология саласында да демократия сөзінің діни сын есіммен тіркесуі онша танымал болмады. Себебі Шығыс пен Батыстың көптеген елдерінде қоғамдық пікірде саяси және әлеуметтік ареналарда діни басқарудың тәжірибесі  болмады. Батыста дін мен шіркеудің билігі орта ғасырлардың зұлмат дәуірін еске түсіреді. Өйткені орта ғасырда христиан діні халықты билеп-төстеу және шіркеу  зұлым тирандық режимдерді  заңды көрсету құралына айналған. Шығыста да дін мен мемлекет бірлестігі іс жүзінде дін мен дінбасыларды озбырлық пен езгіге қызмет етуге мәжбүр етті. Осындай жағдайда имам Хомейни діни демократия үлгісін ұсынды және оны   теория саласында да, практикалық саясат саласында да ерекше үлгі ретінде қарастырды. Имам Хомейни бұл басқару үлгісін зайырлылық дінді саясаттан бөлек деп санайтын пікірлі кеңінен таратқан жағдайда ұсынды. Тіпті діни ғалымдар мен заңгерлердің, реформаторлар мен діни зиялылардың арасында демократия мен исламның үйлесімділігін қорғау онша таралмаған. Ислам революциясының дискурсы  бойынша негізін құрған діни демократия теориясы халифатты қайта құру немесе кейбір сүннит ойшылдары ұсынған үстемдікті қабылдау теориясынан өзгеше. Сондай-ақ   шиит ғалымдары арасында имам Заман (ғ.с.) жоқ кезде үкімет құруды заңсыз әрекет деп санаған үстем ағымнан алыс.

Имам Хомейни діни демократияның немесе Ислам республикасының үлгісін ұсынған кезде ислам мен демократияны үйлестіруге тырысқан ойшылдардың көзқарастарынан алыс екенін жариялады. Ол ислам демократиялық немесе діни халық демократиялық дін деп сенді. Ислам діні табиғатынан демократияны қолдайды және бұл дінде халықтың дауысы  мен демократияның маңыздылығы формальды және салтанатты емес, керісінше, ол исламның негіздеріне негізделген. Имамның пікірінше, Исламдағы және діни халық демократия жүйесінде  демократия батыстан алған уақытша және оларды күшпен татуластырғымыз келетін нәрсе емес. Бұл үлгіде ғайып кезеңінде халықтың дауысы үкімет құруға негіз болады.

Діни демократия моделінде халықтың пікірі үкіметтің құрылуына негіз болады. Бірақ халықтың рөлі тек билікті сайлаумен шектелмейлі,  халық сонымен бірге үкіметті басқару үдерісіне де қатысады. Мұның өзі Джозеф Шумпетер сияқты кейбір батыстық ойшылдар демократиялық жүйелердің демократиялық емес жүйелерден айырмашылығын түсіндіре отырып, саяси жүйенің демократиялық болуы үшін басшыны тағайындау үшін сайлау өткізу жеткілікті деп санайды. Бірақ діни демократия жүйесінде халықтың рөлі тек сайлауға қатысумен шектелмейді, халықтың барлық топтары үкіметті бақылауға және үкімет жүзеге асырған   жоспарларды сынға алуға құқылы.

Имам Хомейни діни демократия үлгісіндегі адамдар мен билеушілер арасындағы байланысты түсіндіре отырып, адамдар мен шенеуніктер арасындағы шын жүректен шыққан қарым-қатынасты атап өтіп, халықты билеушілердің қамқоршысы және халықты діни демократиялық жүйенің авторитарлық жүйеге айналуына жол бермейді деп санаған. Ол халықты діни демократияны авторитарлық жүйеге айналдыруға кедергі деп санайды, өйткені бұл модельде үкіметке қоғамдық бақылау жасау халықтың құқығы болып табылады. Аятолла Хаменеидің сөздерінде де діни демократияның үлгісі ерекше және көрнекті орынға ие. Аятолла Хаменеидің пікірінше, халықтың діни демократия жүйесіндегі рөлі жүйені орнатумен ғана шектелмейді, бірақ бұл рөл шешімдер қабылдау мен жүзеге асыру салаларында айқын басым болады. Аятолла Хаменеи: «Халықтан дауыс алу үшін үгіт-насихат жүргізу, содан кейін оларды ұмытып, адамдарға жауап бермеу діни демократиямен үйлеспейді. Бұл тәсіл діни демократия үлгісін популистік және жаппай сондай-ақ элитарлық демократиядан ажыратады.

ИИР-ның Конституциясындағы халықтың орны имам Хомейнидің діни демократия үлгісіндегі халықтың маңызды рөлі мен ұстанымын көрсетеді. Халықтың діни жетекшісін, президентін, Ислам кеңесі мәжілісі мүшелерін және Хобрегон мәжілісі өкілдерін, исламдық қалалық және ауылдық кеңестердің өкілдерін сайлаудағы рөлі және референдум арқылы саяси, экономикалық және әлеуметтік маңызды мәселелер бойынша   пікірін білдіруі Ирандағы үкіметтің демократиялық көріністерінің бірі. Сонымен қатар, Ислам Республикасы Конституциясының үшінші тарауы толығымен ұлт құқықтарына арналып,  адамдардың құқықтарын, әсіресе қадір-қасиеті, өмірі, меншігі, құқықтары мен тұрғын үйі және еңбегін қорғайды. Бұл үлгінің діни болмысы осының бәріне діни қағидалар мен құндылықтар шеңберінде қол жеткізуді талап етеді. Осы себепті ИИР-ның Конституциясында бұл мәселе әртүрлі қағидаттарда сақталған, олардың ең маңыздысы және ең жоғарғысы әділ заңгер мен қоғамының жағдайы. Діни билік исламдық және республикалық жүйені діни және заңды құралдармен қорғай алады. Діни демократияның моделі исламның діни негіздері мен тарихында жатыр.

 

Тегтер