Қыр 16, 2021 18:17 Asia/Almaty
  • Имам Хомейнидің мектебінде (34)

Экономика - бүкіл адамзаттың жеке және әлеуметтік өмірінің маңызды бағыттарының және саяси жүйелер тиімділігінің маңызды критерийлерінің бірі.

 

Экономика - бүкіл адамзаттың жеке және әлеуметтік өмірінің маңызды бағыттарының және саяси жүйелер тиімділігінің маңызды критерийлерінің бірі. Осы себепті барлық философиялық және саяси мектептер адам өмірінің осы тұрғысына назар аударып, олардың әртүрлі аспектілерімен байланыстарын нақтылап берді. Капитализм бостандық пен жеке меншікті құрметтеуге басымдық бере отырып, капиталистердің байлық жинауын экономикалық өркендеу және қоғамның тіршілігі мен әл-ауқатын қамтамасыз етудің негізі ретінде қарастырды. Коммунизм мектебі әлеуметтік әділеттілік мәселесіне басымдық беріп, жеке меншікті шектеу арқылы қоғамда қалыптасқан экономикалық және әлеуметтік кемсітуді жеңу үшін үкіметтің қоғамның экономикалық қатынастарын реттеуге араласуына мүмкіндік берді. Қазіргі әлемде саяси жүйелердің тиімділігі экономикалық жетістіктермен тығыз байланысты және қоғамды басқару саласында алға ілгерлегісі келген ой-пікір мектебі экономикалық салаға қатысты мәселелермен байланысын анықтауы керек.

Имам Хомейни басқарған Иран Ислам революциясы әлем екі жүйенің қырғи қабақ соғысының куәсі болып отырған жағдайда орын алды.  Бір жағынан, либералды идеялар мен еркін нарықтық экономиканы алға тартқан АҚШ бастаған Батыс блогы, екінші жағынан, ортақ идеология мен мемлекет пен социалистік экономиканы ұсынған Кеңес Одағы бастаған Шығыс блогы болды. Екі қарсылас идеологияға сүйене отырып, бұл екі алпауыт үкімет әлемді бөліп, әлемнің барлық экономикалық, саяси, әскери және интеллектуалды аспектілерін басқарды. Бұл екі алпауыт мемлекет өз елдерінде экономикасын өркендете алды және экономикалық күшке сүйене отырып, әлемнің көшбасшылығын өз қолдарына алды. Осындай жағдайда имам Хомейни жаңа және революциялық идеяларды  ұсынып, Шығыс пен Батыс блоктарын дағдарысқа тіреді және адам өмірін басқаруда жаңа жоспар бастағанын мәлімдеді. Капитализм мен социализм мектептерінің идеологиясынан тәуелсіз   діни ой-пікірлерге сүйене отырып, Ислам революциясы дискурсы қоғамда «Шығыс та емес, Батыс та емес» деген ұранын көтерді. Имам Хомейни жаңа ой-пікірді ұсынушы ретінде оның әртүрлі тұрғыларын түсіндірді.

Экономика имам Хомейнидің түрлі бағыттарын біртіндеп түсіндіріп, ондағы мәселелерді талдай отырып, Ислам революциясының дискурсын салуда өте тиімді болған маңызды салалардың бірі болды. Себебі экономиканың адам өміріндегі маңыздылығымен қатар, капитализм мен социализм мектебіндегі қақтығыстардың негізгі факторларының бірі экономикалық мәселелер болды. Имам Хомейни экономикалық өрістегі исламдық ойдың шекарасын анықтау үшін алдымен әлемді басқарып отырған екі қуатты блоктың экономикалық саясаты мен идеяларын сынға алды. Имам Хомейни Шығыс пен Батыс блоктарының экономикалық саясаты мен бағдарламаларын халықтарға құлдықты  таңу деп білді. Ол осы екі мәдениетке қарсы тұру және оның жүзеге асуының жағымсыз салдарларын түсіндіру үшін ғалымдар мен заңгерлерден   ислам шеңберінде альтернативті үлгі ұсынуды сұрады. «Ғұламалардың, дін заңгерлері және дін қызметкерлерінің міндеті болып табылатын маңызды мәселелердің бірі - Шығыс пен Батыстың азғындаушы мәдениеті мен экономикасына қарсы тұру және қоғамдағы капиталистік және социалистік экономикалық саясатқа қарсы күрес. Бұл оба әлемнің барлық халықтарына таралды және іс жүзінде барлық халықтарға жаңа құлдық таңылды. Адамзат қоғамдарының көпшілігі күнделікті өмірде байлық пен күш иелеріне байланған және әлемдік экономикалық мәселелерді шешу құқығынан айырылған, сондай-ақ табиғи ресурстарының молдығына қарамастан, олар кедейлік пен дәрменсіздікке ұшырады. Коммунистер, күш көрсетушілер мен капиталистер әлемді басып-жаншушылармен жақын қарым-қатынас орнату арқылы халықты өмір сүру және бастамашылық құқығынан айырды. Олар монополиялар мен көпұлтты орталықтар құра отырып, іс жүзінде әлемдік экономиканың импульсін өз қолдарына алды және экспорт, өндіру, бөлу, сұраныс пен ұсыныстың барлық жолдарын бақылайтын болды»,- деді.

Имам Хомейни әлеуметтік әділеттілікті орнатуды және кемсітуді, кедейлік пен әлеуметтік теңсіздікті жоюды ислам экономикасының маңызды және негізгі мақсаттары, бірақ бұл мақсатқа жету үшін адамдардың жеке меншігіне қол сұғудың қажеті жоқ деп санады. Имам Хомейнидің пікірінше, жеке меншік ислам заңдары шеңберінде толығымен құрметтелген, және ешқандай жеке тұлғаның немесе үкіметтің көпшіліктің, тіпті байлардың заңды меншігіне қол сұғуға құқығы жоқ. Ол әлеуметтік әділеттілікке баса назар аудара отырып, ол өзінің капитализм мектебімен шекарасын анықтайды және азаматтардың жеке меншік құқығын қабылдай отырып,    социалистік мектептен ерекшеленетін нүктелерін анықтайды. Имам Хомейни бұл туралы: «Ислам залым, есепсіз және езілгендерді құқыларынан айратын капитализммен келіспейді және оны әлеуметтік әділетке қарсы деп санайды. Сонымен бірге коммунизм мен марксизм-ленинизм сияқты жеке меншікке қарсы режимді де қабылдамайды. Керісінше, Ислам меншікті мойындайтын және оны меншік пен тұтынуды шектеулі түрде құрметтейтін қалыпты режимді қабылдайды. Егер Исламның ережелері  орындалса, заңды экономика алға ілгерлеп, әлеуметтік әділеттілікке қол жеткізеді»,- деді.

Халықтан салық жинау - имам Хомейнидің экономикалық идеяларының тағы бір қыры. Имам салық салуды ислам экономикасының бір аспектісі және исламдық үкімет құру үшін халықтан салық алу қажет және заңды деп санайды. Имам Хомейни исламдық үкіметтегі салықтарды екі топқа бөлді: міндетті емес және міндетті салықтар. Бұл кісі  соғыстың басталуы сияқты қоғамның сезімтал және төтенше жағдайларында исламдық үкімет ерекше салықтар салуға құқылы деп білді. Ислам құқығында салықтардың бірнеше түрі бар, олардың кейбіреулері мәжбүрлі, ал кейбіреулері өз еркімен алынады. Міндетті салықты адамдар жыл сайын төлейді және бұл елдің тыныштық жағдайына байланысты. Бірақ кейбір салықтар әдеттен тыс алынады және олардың мөлшері шектеулі. Имам Хомейни елді басқару және қоғамда әлеуметтік әділеттілікті орнату үшін қажетті салықтарды жинауды қарастырды.

 

Тегтер