Қаз 03, 2021 01:47 Asia/Almaty
  • Иран: Кантор шіркеуі (127)

Кантор шіркеуі (Cantor Church) Қазвин қаласында орналасқан. Бұл шіркеуді орыстар Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде салған. Ол «Орыс шіркеуі» немесе «Қоңыраухана» деген атпен танымал.

Христиандықтың православие мазхабын ұстанушылар осы шіркеуде ғибадат етеді.  Олар кетіп, Иранда ортодокс мазхабын ұстанушылар болмағандықтан шіркеу қолданусыз қалды. Шіркеу крест жобасымен салынған. Симметриялы емес бірнеше бұрышты жоба, сыртқы бетін жапқан эмальданған қызыл кірпіштер және күмбезді көмкерген керамикалық тақташалар бұл ғимаратты Қазвиндегі басқа құрылыстар және басқа шіркеулерден ерекшелендіріп тұрады.

Кантор шіркеуі – Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінен қалған ескерткіш.  
Шіркеудің ауласында бір орыс ұшқышы мен бір инженерінің қабірлері бар.
Орыс инженері Иранда қайтыс болған, орыс ұшқышының ұшағы Қазвинге жақын жерде апатқа ұшыраған.  
Шіркеудің есігі батыс жағында орналасқан.
Шіркеуде арка өте көп.
Шіркеудің михрабы жартылай шеңбер пішінде шығысқа қарай салынған, оның үстін күмбез жауып тұр.
Қазір шіркеуде қолөнер бұйымдары көрмесі өткізіледі.  
Адамдар шіркеуді көріп, қолөнер бұйымдарын сатып алу үшін осы жерге келеді.
Мына крест – ортодокс христиандардың белгісі.
Үш қабатты мұнараның биіктігі шамамен 11 метр. Оның төбесін көк күмбез жауып тұр.

 

Қоңыраухана шіркеудің батыс бөлігінде орналасқан.
Ол Ирандағы санаулы православие шіркеулерінің бірі.
Шіркеудің сыртқы көрінісі

 

Шіркеудің ауласы
Ол Ирандағы ең шағын шіркеу саналады.
Орыстар кеткеннен кейін Иранда бірде-бір ортодокс христиан қалмады.  

 

Тегтер