Қаз 23, 2021 18:17 Asia/Almaty
  • Иран:

"Аббасиан" тарихи кешені - Кашан қаласындағы көрнекті жерлердің бірі.

Бұл кешен х.қ.ж.с.б 1245-1250 жылдары Кашанның беделді саудагерлерінің бірі марқұм қажы Мұхаммед Ибраһим тарапынан салына бастады. Ол архитектуралық жобасы мен декоративтік безендіру, кеңістікті пайдалану тұрғысынан өте бай жəне өз түрінде теңдессіз.

Кешеннің ауданы 5000 шаршы метрден асады, инфрақұрылымы шамамен 7000 шаршы метр ауданды алып жатыр. Ғимарат 5 қабаттан тұрады. 5 ауласы бар.

Бұл кешен ирандық-исламдық стильдегі ең əдемі тұрғын үй жүлдесіне ұсынылған.

Кашандағы "Аббасиан" тарихи кешені 
5 қабатты ғимаратта 5 аула бар.
Кешен құрылысы 20 жылға созылған.
"Аббасиан" тарихи кешені 
Бұл үйде əулие адамдардың атымен аталған қасиетті ғибадатхана бар.
Кешенде 5 аула бар
Кешеннің инфрақұрылымы шамамен 7000 шаршы метр ауданды алып жатыр. 
"Аббасиан" үйі
Бұл бөлменің төбесі мен қабырғалары ай мен жұлдыз пішінді айна сынықтарымен көмкерілген.
"Аббасиан" үйі қабырғаларындағы алебастр өрнектер мен суреттер тұрғысынан теңдессіз. 
 Үй ішкі жəне сыртқы бөліктен тұрады. Олардың арасын есіктер бөліп тұр.
Ғимараттың орталық бөлмесіндегі алебастр өрнектер теңдессіз.
"Аббасиан" үйі
Тандыр нан пісіретін пеш
Ас үйде ыдыс жууға арналған хауызша салыған. Онда таза су құятын жəне кір суды ағызатын құбырлар бар. 
Желтартқыштар мен шағын хауыздар аптап ыстықта жанға жайлы салқындық сыйлайды. 
"Аббасиан" үйі

 

Тегтер