Қар 04, 2021 16:47 Asia/Almaty
  • Имам Хомейнидің мектебінде (36)

Имам Хомейнидің экономикалық саладағы ойларының маңызды тұрғыларының бірі – басқа елдермен әділ және тәуелсіз қарым-қатынас орнату.

 

Имам Хомейнидің пікірінше, әлеуметтік әділеттілікті орнату және қоғамның төменгі қабаттарының тұрмысы мен әл-ауқатын шешу, сондай-ақ таптық кемсітушілікті азайту немесе жою маңызды тақырыптардың бірі болып табылады. Имам Хомейни исламдық негіздерге сәйкес жеке меншікті құрметті нәрсе және исламдық үкімет қоғамның әртүрлі топтарының мүлкі мен байлығының қауіпсіздігін қорғауға міндетті деп санады. Өйткені қоғамның ауқатты топтарының талпынысы кәсіп пен жұмыспен қамтудың өркендеуіне себеп болып, қоғам байлығын арттыруға және кедей топтардың экономикалық игіліктерден пайдалануына жол ашады. Имам Хомейни   күтпеген жерден пайда болған   және заңсыз байлықты ерекше жағдайлар деп тауып, ислам үкіметі заңсыз мүлік пен байлықты қоғамның мақрұм және әлсіз таптарының игілігі үшін тәркілеуі керек деп есептеді.

Имам Хомейнидің экономикалық саладағы ойларының маңызды тұрғыларының бірі – басқа елдермен әділ және тәуелсіз қарым-қатынас орнату. Бұл көзқарасты Ислам революциясының негізін қалаушы сол кезеңдегі биполярлық әлемде халықаралық экономика деңгейінде екі үлкен теория ұсынылған жағдайда алға тартты. Бірі – артта қалушылықтан шығудың бірден-бір жолы ретінде дамымаған елдердің экономикасы мен  дамыған елдері арасында берік байланыс орнатуды қарастырған капитализмнің либералдық теориясы. Оны негізінен Батыс блогының теоретиктері ұсынды. Ал екіншісі, негізінен, солшыл ойшылдардың, әсіресе Латын Америкада ұсынылған тәуелділік теориясы. Бұл теория бойынша дамымаған елдердің артта қалуы олардың капиталистік жүйеге тәуелділігімен байланысты және екеуінің қарым-қатынасы тең емес. Бұл мәселе   дамыған елдердің одан сайын дамуына, ал дамымаған елдердің одан сайын артта қалуына әкеледі. Тәуелділік теориясының ойшылдары капиталистік экономиканы қанаушылдық пен отаршылдық экономикасы және бұл экономикалармен қарым-қатынаста болу үшінші әлем елдерінің дамуына әкелмейді деп есептеді. Керісінше, капиталистік жүйелердің дағдарысы салдарынан бұл елдер олардың одан сайын артта қалуына себеп болады.

Имам Хомейни Ислам республикасының экономикалық саясаттарын, әсіресе әлем елдерімен қарым-қатынас түрі тұрғысынан түсіндіру үшін Ислам революциясының жеңісіне дейінгі жылдардағы Иранды билеген залым режимнің саясаттарын сынады. Имам шах режимінің саясатын экономикалық тұрғыдан Батысқа тәуелді және елді АҚШ-қа бағындыру деп санады.  Имам Хомейни бұл салада: «Мұхаммед Реза Пехлеви бізді барлық   экономикалық және саяси, сондай-ақ мәдени және әскери тұрғыдан АҚШ-қа тәуелді етті. Биліктен құлатылған шах елді барлық жағынан АҚШ-қа тәуелді етті, ал Иран АҚШ-тың әскери базаларының бірі болды.

Биліктен құлатылған сатқан шах елді барлық жағынан АҚШ-қа тәуелді етті, ал Иран АҚШ-тың әскери базаларының бірі болды. Әскер АҚШ кеңесшілерінің, мәдениет жемқорларының қолында болды, патша пен үкімет және парламент бағынушылар болды. Экономиканың жағдайы одан да нашар. Имам Хомейни шахтың даму мен прогреске жету жөніндегі бос уәделерін сынады және  оның «ұлы өркениет» құрып, Иранды әлемдегі ең мықты жеті державаның біріне айналдыру туралы мәлімдемесін жалған уәде және халықты алдау құралы санады. Өйткені имам Хомейнидің ойынша, басқа елдерге, әсіресе АҚШ-қа тәуелді бола отырып, тұрақты және жан-жақты даму мен ілгерілеуге қол жеткізу мүмкін емес. Дамуға жетудің қажетті шарты халық пен  саяси жүйенің тәуелсіздігі болды.

Имам Хомейни бостандық пен тәуелсіздікті бір-біріне қажетті екі шарт және дамудың алғышарты деп санады. Сондықтан  ол режимнің «ұлы өркениетке» жету уәжіне қатты қарсылық білдірді. Имам Хомейни: «Мұхаммад Реза бүлдіріп, ұлы өркениетке қол жеткізгіміз келеді деп айқайлады. Шах режимі бізді кері тартты. Бұрынғы үкіметтің барлық үгіт-насихаттары әңгіме болды. «Бізде өркениет жоқ» деген сөзі халықты алдау болды. Олар бәрін алып, алды және жеді»,- деді. Имам Хомейни ИИР-ның экономикалық ерекшеліктерін  басқа елдермен тәуелсіз қарым-қатынас орнату және кедейлік пен жоқшылықты жою, елдің тоқырауы мен артта қалуын қалпына келтіруге тырысу деп білді. Шах тұсында жасалған шаруа экономиканы, өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын күйретуден басқа ештеңе емес еді. Имам Хомейни: «Экономикалық салада тілегіміз – халық байлығын талан-таражға салудың алдын алу. Әлем елдерімен әділ экономикалық байланысты үзбеу»,- деді.

Имам Хомейни Ислам Республикасындағы экономикалық реформалардың мақсатын кедейлікті жою және халықтың көпшілігінің өмір сүру жағдайын жақсарту деп тауып: «Ислам республикасының сөзінің негізі – елдің тәуелсіздігі мен ұлттың бостандығын қамтамасыз ету, жемқорлық және жезөкшелікпен күресу, сондай-ақ барлық салада қажетті реформалар жасайтын заңдарды дайындау. Бұл реформалар барлық халықтың толық қатысуымен болады және олардың мақсаты – ең алдымен кедейшілікті жою және халықтың басым көпшілігінің өмір сүру жағдайын жақсарту»,- деп мәлімдеді. Имам Хомейнидің  көзқарасы бойынша барлық, әсіресе экономикалық салада реформалардың барлық адамдардың қатысуынсыз мүмкін болмайтыны анық. Басқаша айтқанда, имам Хомейнидің пікірінше, Ислам республикасының экономикалық мақсаттарының жүзеге асуы барлық адамдар қатысуына байланысты және үкімет қолдау көрсетуге міндетті. Имам Хомейни жиһад құру идеясын құптайды, студенттерге, жастарға және революцияның бастапқы кезінде аянбай еңбек етіп, елдің ауылдары мен аз қамтылған аймақтарында   кедейлікті жою үшін өз еркімен жұмыс істегендердің барлығына алғыс айтып, үкіметті бұл талпыныстарды қолдауға шақырады.  Имам Хомейни: «Қиын кезде халыққа сүйенуіміз керек. Аллаға шүкір, халық көмектесуге. Құрылыс үшін халыққа жүгінуіміз керек. Құдайға шүкір, халқымыз елді құруға дайын екенін жария етті. Студенттер, мамандар, инженерлер, кәсіпкерлер және фермерлер,   елдің барлық топтары өз еркімен көмекке дайын. Осы себепті сындарлы жиһад деп,  сындарлы жиһадқа шақыруымыз керек және бұл мәселеде мемлекеттік қызметкерлер де бірлесе жұмыс істеуі керек»,- деп мәлімдеді.

Имам Хомейни аграрлық секторды жаңғыртуды динамикалық және тұрақты экономиканы қалыптастырудың қажетті шарты деп санады. Бұл кісі бұл саланың дамуына салғырттық танытып, тіпті ел экономикасындағы ауылшаруашылығының орнын әлсіретуге талпынған шах режимін сынады. Имам Хомейни: «Біздің маңызды мәселелеріміздің бірі – экономика. Біз экономикалық тұрғыдан мықты, тәуелсіз болуға талпынуымыз керек және бұрынғы режим бізді тәуелді ету үшін бұзып тастамақ болған ауылшаруашылығы мәселесімен көбірек айналысуымыз керек. Әрине, өнеркәсіпке де назар аударуымыз керек. Бірақ ауылшаруашылығынан алыстап кететін болсақ, қолымызда бардан айырылып қалуымызға әкеледі.  Бұрынғы биліктің мақсаты – ауыл шаруашылығын жою еді»,- деді. Имам Хомейнидің мәлімдемелерінде бұл кісінің ауылшаруашылық саласын қолдауды Батыстан тәуелсіз болу жолдарының бірі ретінде қарастырғаны анық. Имам тұрақты даму мен ислам экономикасын жүзеге асыру үшін ауылшаруашылықты нығайтуға баса назар аударды.

 

 

 

 

 

Тегтер