Қар 06, 2021 20:39 Asia/Almaty
  • Иран:

"Мұртаза Әли" гейзер су көзі Табас ауданының орталығынан 27 шақырым жерде орналасқан.

Тау қойнауында буырқанған бұлақта жылы және суық су ағып жатыр. Бұл елдегі сирек құбылыстардың бірі. Осылайша өзеннің бір жағында жылы, екінші жағында суық су ағып жатыр. Бір аяғыңызды жылы суға, екіншісін суық суға салып тұруға болады. Жылы су мен суық судың температуралық айырмашылығы кейде 10 градусқа жетеді. Бұл бұлақтан жоғарырақ жерде тар сай бар. Онда Аббас шахтың аркасы салынған. Арка Сефевилер заманына тиесілі.

"Мұртаза Әли" ыстық бұлағы
Бұл аудандағы шипалы су көздеріне туристер көп келеді. 
Отандық және шетелдік туристер бұлаққа көптеп келеді. 
Бұлақ жартасты сайдан өтеді. 
Жартастарда қолмен салынғандай тесіктер бар.
10 минут жүргеннен кейін жылы және суық суы бар бұлақтарға жетесіз. 
Оң жақ қапталдағы бұлақтың ыстық суы өзенге құяды. 
Өзендегі ыстық су мен суық су араласпай ағады. 
"Мұртаза Әли" ыстық бұлағы
"Мұртаза Әли" ыстық бұлағы жолында Аббас шах аркасы бөгет түрінде салынған.
Аббас шах аркасының ені 1 метр, сондықтан ең жіңішке бөгет ретінде танылған. 
550 жылдық арка әлемдегі ең биік бөгет ретінде танылған.

 

Тегтер