Қар 30, 2021 23:14 Asia/Almaty
  • Иран: Джаваһердеһ ауылы (135)

Джаваһердеһ (Javaher Deh) – Мазандеран облысындағы Рамсар қаласынан 26 шақырым қашықтықта орналасқан әдемі ауылдардың бірі.

Бұл тарихи ауыл жап-жасыл орман ортасында орналасқан. Оны үш жағынан тау қоршап тұр. Ауылда тарихы тереңде жатқан жәдігерлер жетерлік. 7 мың жылдық тарихы бар Адине мешітінің ғимараты бағзы заманда зороастристердің ғибадатханасы мен отқа табыну орны болған. Мұнымен қоса, ауданда отқа табынушылардың шашырай орналасқан қабірлері бар.

Джаваһердеһ ауылы
Джаваһердеһ ауылы теңіз деңгейінен 2000 метр биіктікте орналасқан.
Джаваһердеһ ауылына жету үшін ирелең жолмен жүру керек. 
Джаваһердеһ ауылына сапар шегуге ең қолайлы уақыт - жаз мезгілі. 
Джаваһердеһ ауылының маңында Аққу көлі бар.
Джаваһердеһ ауылындағы үйлер көне қалпын сақтап қалған.
Жыл сайын бұл ауданға туристер көп келеді. 
Орамал тоқып отырған әйел
Джаваһердеһ ауылының әйелдері орамал тоқумен айналысады. 
Джаваһердеһ ауылының тұрғындары егін егіп, мал бағып күн көреді. 
Джаваһердеһ ауылындағы қыс
Адине мешіті
Ауылдың айналасында 3 мың жылдық тарихы бар зороастристік қабірлер бар. 
Кешқұрым: Джаваһердеһ ауылы
Жұлдызды түн: Джаваһердеһ ауылы

 

Тегтер