Жел 23, 2021 18:07 Asia/Almaty
  • Имам Хомейнидің мектебінде (40)

Имам Хомейни Құран Кәрімнің аяттары мен ардақты Пайғамбар (с.ғ.с.) мен имамдардың (ғ.с.) рауаяттарына сүйене отырып, қасиетті Рамазан айын илаһи мереке айы деп атады және Алланың қонақжайлылығын түсіндіруде дүниелік нәпсілерден алыстауды бұл айдың қонағы болудын шарты деп білді.

Имам Хомейни Құран Кәрімнің аяттары мен ардақты Пайғамбар (с.ғ.с.) мен имамдардың (ғ.с.) рауаяттарына сүйене отырып, қасиетті Рамазан айын илаһи мереке айы деп атады және Алланың қонақжайлылығын түсіндіруде дүниелік нәпсілерден алыстауды бұл айдың қонағы болудын шарты деп білді. Имам Хомейни: «Алланың мерекесі қандай? Алланың материалдық дүниедегі мейрамы – бізді дүниелік нәпсілерден аулақ ұстау. Сондықтан бұл мейрамға шақырылғандардың барлығы осы кезеңде нәпсіге немқұрайлық білдіруі қажет екенін білуі керек.  Физикалық нәпсілерден бас тарту, жоғары нәпсілерден гөрі оңайырақ»,- деді.

Имам Хомейни Алланың қонағы болудын шарты ретінде нәпсі әуестігінен алыстауды қарастырды. Адамның бойында  бір шамалы нәпсі әуесі болса, адам илаһи мейрамға кірмейді немесе қонақ болып кірсе, дұрыс пайдаланбайтынын ескертті. Имамның айтуынша, «дүниеде көріп отырған әбігердің бәрі бұл мерекені пайдаланбауында. Олар бұл қонаққа кірмеді және Алланың шақыруын қабылдамады. Бұл шақыруды қабылдауға талпыныңдар, егер бұл басқосуға қатыссандар, мәселелер шешіледі. Мәселелеріміздің шешілмей жатқан себебі – илаһи мейрамға,  Рамазан айына мүлде кірмегеніміз».  Бұл кісі илаһи мейрамның қарапайым халық мейрамынан айырмашылығын түсіндіре отырып, Алланың қонағы болған адамның  илаһи және ғайып дастарханнан дәм тататынын көрсетеді. илаһи дастарханнан дәм татыған адам нәпсіге қарсы ерік-жігерін шыңдап, Қадір түніне дайындалатынына назар аудартып: «Алланың қонағы болу мен халықтың дастарханының айырмашылығы мынада: адамдар сені шақырса, ас әзірлеп, көңіл көтереді.   Алланың мейрамының бір бөлігі - ораза, ғайып әрі жәннат ризығы болып табылатын маңызды нәрсе – Құран. Үй иесі сізді ораза ұстатады,   нәпсіқұмарлыққа ашық   жолдарды бөгеп, Қадір түніне дайындалуға көмектеседі»,- деді.

Имам Хомейни (р.а.) Құран Кәріммен танысуды және Шағбан және Рамазан айларының дұғаларын пайдалануды Рамазанның қасиеті мен берекетінен көбірек пайда алудың қолайлы жолы деп санап: «Қасиетті Рамазан және Шағбан айындаға   дұғалар – мақсатымызға жол көрсетуші. Бұл мүбәрәк дұғалардың ерекшеліктері бар. Осыларға назар аударыңыздар, олар адамды елжіретеді"»,- деді. Ол Алланың қонағы болып, өзін түзеуге мүмкіндік алғандар үшін Ораза айтты нағыз айт деп санап: «Бұл мейрам барша мұсылмандар үшін нағыз мейрам болады деп сенемін. Нағыз мейрам – адамның Алланың разылығын тауып, өзін түзеген кезі. Бұл дүниенің істері өткінші, бұл дүниедегі жеңістер, сәтсіздіктер, қуаныштар мен қайғылар бірнеше күннен аспайды және аз мөлшерде. Біз  бен сіздерге қалатын нәрсе - Алла Тағаланың бар екеніне, бәрі Оның қолында екеніне сену,  біз ешнәрсе емеспіз деп білу, Алланың нығметтері үшін шүкіршілік етуге қабілетсіз екенімізді түсіну»,- деп айтты.  Имам Хомейни ішкі өзгерістер мен нәпсіні тазартуды оразаның жетістіктерінің бірі деп тауып: «Қасиетті Рамазан айында өзгеруіміз керек. Рухымызды, нәпсімізді тазартуымыз керек. Ұлы пайғамбарлар да өз мұқтаждықтарын түсініп, амал еткенін түсінуі керек. Ал біз хиджаб кигенімізбен, түсініп, міндетімізді орындамаймыз. Рамазанның берекесі – Алланың парызын орындау»,- деді. Ол қасиетті Рамазан айында өзін-өзі тазартудың нәтижесі мен салдарын зұлымдық пен озбырлыққа бағынбау деп санап, барша мұсылмандар мен исламдық үкіметтерге үндеу жолдады: «Мұсылмандар Алланың айына шынайы кіріп, өздерін тазартса, зорлық-зомбылықты қабылдамас едік. Зорлық-зомбылықтың астына түсу залымның зұлымдық жасауы мен тазармауға тең.  Осыған жеткенімізде зұлымдықты қабылдауда енжар ​​болмас едік, жәбірлеуші ​​де болмас едік. Бұның бәрі тазармағандықтан, үкіметтер тазамағандықтан, халықтар тазармағандықтан,   езгінің ауыртпалығын қабылдайды»,- деп мәлімдеді.

Имам Хомейни қасиетті Рамазан айының түндері мен күндерінің нәпсіні тазарту маңыздылығына байланысты, жеке өмірінде де осы айға арнайы бағдарлама дайындаған. Қасиетті Рамазан айында осы илаһи айдың сәттерін жақсырақ әрі көбірек өткізу үшін кездесулерін тоқтататын. Имамның жақындарының көбі: «Ол осы айда көптеген жұмыстарын тоқтататын, оның себебін сұрағанда: «Рамазан – өз алдына бір еңбек»,- деп жауап беретін»,- деп есіне алатын. Қасиетті Рамазан айында имам өзі үшін арнайы бағдарлама әзірлеп, оның ішіндегі ең маңыздысы Құран Кәрімді бірнеше рет оқу болды. Имам Хомейнидің Наджафтағы серіктерінің бірі: «Бұл кісі күнделікті Құран Кәрімнің он жүзіне дейін оқитын, яғни Құран Кәрімді үш күнде бір рет толық оқып шығатын»,- деді. Сондай-ақ, Наджафта имам дәрігерге көзі ауырып барғанда, дәрігер оның көзі демалуы үшін бірнеше күн Құран оқудан тартынудын керектігін ескертеді. Бірақ имам дәрігерге: «Көзім Құран оқу үшін керек. Құра оқи алмайтын болсам, көзімнің барынан не пайда. Құран оқитындай бірдеңе жасаңызшы»,- деп күлімсіреп жауап береді.

Түнді ғибадат жасап, намаз оқып, ояу өткізу имамның өмір бойы, әсіресе қасиетті Рамазан айында тұрақты істерінің бірі болды. Имамның жақындарының бірі: «Түн ортасы, қараңғыда имамның бөлмесіне ақырын кіргенімде, бұл кісінің Аллаға жақындығын сезіндім және  қаншалықты  кішіпейілділікпен намаз оқып жатқанын көріп,  бүгін түн шынымен Қадір түні деп ойладым. Бірақ имамның бұл күйі бір немесе екі түн емес, өмір бойы жалғасты. Имам елу жыл бойы түнгі намаздарын қалдырмады»,- деді. Тіпті имамның кеңсесінің бір қызметкері: «Олар түнгі намазды ауру кезінде де,  түрмеде де, қуғында жүрген кезде де, тіпті аурухана төсегінде де оқыған»,- деді. Қасиетті Рамазан айында имам Хомейнидің түнгі   ғибадаттары ерекше болды. Имамның қорғаушыларының бірі былай деді: «Рамазан түнінің ортасында біо жұмыс үшін имамның бөлмесінің алдынан өтуге тура келді. Өтіп бара жатып имам жылап отырғанын байқадым. Имамның жылауы, түннің сол мезгілінде Алламен қалай сырласып отырғаны маған қатты әсер етті». Ол Қадыр түндерін жәннәт дастарханы  жайылатын түндері деп санап, баршаны бұл түндерде рухын емдеуге шақырып: «Бұл айда басқа айлардан ерекшеленіп, Алла қаласа, Қадір түнін білуге ​​талпынайық. Дүниенің барлық бақыты осы түнде ашылды. Сондықтан біз оның ғаламның барлық түндерінен жоғарырақ екенін түсінуіміз керек. Құран мен дұға сынды нығметтері бар жәннат дастарханынан, Алла қаласа, баршамыз пайдаланып, рухымызды тазартайық»,- деді. Имам Хомейни қасиетті Рамазан айында нәпілдерді орындап, басқаларға да оны орындауды ұсынды. Адамдардың айтуынша, имам Хомейни Наджаф қаласында қасиетті айдың қатты ыстығында ораза ұстап, қартайған жасына және әлсіз болуына қарамастан   шам намазымен бірге нәпілді оқымайынша аузын ашпайын және түнде таңға намазға дейін намаз оқып, дұға жасайтын.

 

 

Тегтер