Қаң 08, 2022 16:26 Asia/Almaty
  • Иран: Упарт жайлауы (141)

Иранның солтүстігінде Семнан мен Мазандеран облыстары арасында таңғажайып табиғатқа ие Упарт (Owpart) жайлауы орналасқан.

Бұл аймақта бұлттардың қозғалысына тосқауыл болатын биік қабырғадай бір тау  бар. Оны «Упарт қабырғасы» деп атайды. Бұл жерде жергілікті халық өз малын бағады. Ауылдың әдемі үйлері, көк орай шалғын алқаптар мен сылдырлап аққан бұлақтарға толы таулар көрген жанның көзін қызықтырады.

Упарт жайлауы
Упарт – орман мен шөлдің шекарасы.
Ауыр бұлттар биік таудан өте алмай солтүстік жақта тоқтайды.
Қабырғаның солтүстігі әрдайым жап-жасыл өсімдіктерге толы, ал оңтүстік жағы жауын-шашынның аздығына байланысты сарғыш тартқан.
Бұл аймаққа Иранның түкпір-түкпірінен көптеген турист келеді.
Ауыл әкімшілік бөлініс тұрғысынан Мазандеран облысына жатады.
Семнан облысының малшылары бұл ауданды өзінің жайлауы ретінде қолданады.  
Мал шаруашылығы – аудан халқының ең негізгі кәсібі.
Ауданның өсімдік жамылғысы мен жануарлар дүниесінің алуандығы Упарт жайлауын емдік өсімдіктердің  ең маңызды қорларының біріне айналдырды.
Упарт жайлауына көктемнің аяғы мен жаздың басында барған дұрыс.
Упарт жайлауы
Упарт жайлауы – Мазандеранды Семнан облысынан бөліп тұрған шағын ауыл.

 

Тегтер