Қаң 22, 2022 14:38 Asia/Almaty
  • Иран: Паминар ауылы (143)

Паминар ауылы Дезфул қаласынан 40 км қашықтықта орналасқан.

Загрос тауының етегінде Дез бөгеніне (Шейхун көлі) жақын жерде орналасқан ауылда түрлі табиғи тартымдылықтармен қоса, танымал қамал мен зират бар. Туристер осы көрнекті жерлерді көруге көптеп келеді. Ауыл тұрғындарының негізгі кәсібі - мал жəне егін шаруашылығы. Пақала мен Паминар ауылдары тұрғындарының көбі Дез бөгенінде балық аулаумен айналысады.

Паминар ауылы
Ауыл құрлық пен судың тоғысқан жерінде орналасқан. 
Тұрғындар бахтияри лур диалектісінде сөйлейді. Тұрмыста бахтиярилердің көне əдет-ғұрыптары байқалады. 
Паминар ауылында туристерді қабылдайтын үйлер бар. 
Ірілі-ұсақты аралдардан тұратын Шейхун көлі ауыл маңында айрықша сұлу панорама тудырды. 
Шейхун көлі
Шейхун көлінде моторлы қайықпен қыдыруға болады. 
Паминар ауылы - Иранның туристік ауылдарының бірі. 
Паминар ауылы Керхе мен Дез бөгендерінің арасында орналасқан. 
Дез бөгені Шейхун көлі деп те аталады.
Көлдің ең терең жері - 50 метр.
Бұл қолдан жасалған көл Дез өзенінің үстіне салынған. 
Бұл аймақ суретке түсіруге жақсы. 
Ауылдың маңында тарихи зират бар. 
Зираттағы құлпытастардан  аймақтың əлеуметтік тарихы туралы мағлұмат алуға болады.
Шадаб қамалы - осы аймақтың тарихи тартымдылықтарының бірі. 
Қамал Сасанилер заманында салынған, 12 шаршы метр ауданды алып жатыр. 
Паминар ауылы

 

Тегтер