Қыр 21, 2019 18:55 Asia/Almaty

1980 жылдың 22 қыркүйегінде Саддамның БААС режимінің Иранға қарсы шабуылы Ислам республикасы халқының шапқыншы режимге қарсы 8 жылдық қасиетті қорғанысының басталуы болды.

1980 жылдың 22 қыркүйегінде Саддамның БААС режимі құрылық, теңіз және әуеден Иранға қарсы шабуылын бастады. Бұл шабуыл Иран халқының шапқыншы режимге қарсы  8 жылдық қасиетті қорғанысының басталуы болды. Ирактың диктаторы Саддам Иранға шабуыл жасаудан бірнеше күн бұрын шекараға байланысты 1975 жылғы Алжир келісімін Бағдат телеарнасы камерасының алдында жыртып тастады. Бұл келісім бірнеше онжылдыққа Иран мен Ирактың шекара қайшылықтарын шешкен болатын. Бірақ Саддам Хузестан облысын бөліп, жаңадан құрылған Ислам республикасы  жүйесін құлату үшін Иранға шабуыл жасады. АҚШ қорғаныс мәселелерінің мамандарының бірі Эдвард Вудлак Ирактың шабуылының басталуынан төрт күннен кейін: «Ирактың Иранға қарсы соғысының үш мақсаты болды. Біріншіден, Арвандруд өзенің өз қолына түсіріп, Парсы шығанағының аузындағы су жолын өз бақылауына алуды көздеді.  Ирактықтардың екінші мақсаты – Хузестан облысын басып алу және үшінші мақсаты - имам Хомейнидің режимін құлату»,- деді. Ирактың вице премьер-министрі әрі Халқ армиясының қолбасшысы Таһа Ясин 1980 жылдың қаңтарында БААС партиясының ресми газетіне берген сұхбатында: «Біз Иранның билік басындағы жүйе құламай, соғысты тоқтатпаймыз»,- деген болатын. Ислам революциясының қазіргі таңдағы аятолла Хаменеи Саддамның шабуылы кезінде қорғаныс жоғары кеңесте имам Хомейнидің өкілі болып, Саддамның соғысты бастауының себебі туралы: «Әрине бұл анық мәселе, соғыс  исламдық жүйені құлату немесе бағындыру мақсатпен басталды",- деді.

Саддам режимінің ИИР-на қарсы соғысының ерекшеліктерінің бірі Батыс пен Шығыс лагерлері мен олардың одақтастарының Саддам режиміне қолдау көрсетуі болды. Олар тіпті соғыстан кейінгі жылдарда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Саддам режимін шапқыншы деп атауға рұқсат бермей, әр мәлімдемесі мен қарарында екі тараптан қырағылық сақтап, соғысты тоқтатуды талап етті. Саддам сегіз жылға созылған соғыс  бойында АҚШ пен Кеңес Одағының, сондай-ақ 50-ден астам мемлекеттің экономикалық, әскери және ақпараттық қолдауына ие болды. Ирак диктаторы әскери емес қарапайым халықты қыру және тыйым салынған химиялық қаруды пайдаланудан бас тартпады. Саддам  майдандардағы жеңілістері үшін кек алып, соғысты қалалар мен ауылдарға жеткізіп, оқулық және өндіріс орталықтарды нысанаға алды. Адамның достығы туралы уәжденетін АҚШ пен еуропалық үкіметтер замануи қарумен Саддам режимін қамтамасыз етті. Айта кететін жәйт, 1988 жылы соғыс аяқталған соң 2003 жылы АҚШ Саддам режимінің жаппай қырып-жоятын қаруын сылтауратып, Иракқа шабуыл жасады. Иран  халқы теңсіз соғыста, Ирак арасындағы 1200 км шекарада отаны мен революциясын қорғады. Иран халқы, әсіресе жастары Саддам режимі армиясының шабуылына қарсы 8 жылдық қарсыласуы кезінде шектеулі мүмкіндіктері және әскери жабдықтар тапшылығына қарамастан елі мен революциясын қорғап, әлемдіктерге ерлік пен жанкештіліктің үлгісін көрсетті.

Иран халқы таңылған соғыс кезінде ерлігін көрсетті

Саддам режимінің шабуылына қарсы Иран халқының 8 жылдық қорғанысы ИИР үшін маңызды жетістіктер әкелді. Оларды мәдени, қоғамдық, саяси және экономикалық тұрғылардан қарастыруға болады. Өз нәпсісіне деген сенімді нығайту ең маңызды жетістіктерінің бірі. Қасиетті қорғаныс ирандық жастардың өз күшіне сенімді болып, өз мүмкіндіктерін пайдаланып, елді басқаруларына, сондай-ақ Ирак режимінің Батыс пен Шығыс құдыреттерінің замануи қаруымен қаруланған армиясына қарсы батылдығын көрсетіп, оларды Иранның шекарасынан шығарып жіберді. Бұл сенім соғыстан кейін де қоғамдық, экономикалық және жаңа технологиялар салаларында байқалды. ИИР осы кезде экономикалық-әскери және технологиялық салаларда әлемнің үздік елдері қатарында. Ислам революциясының ұлы көсемі 8 жылдық қасиетті қорғаныстың жетістіктері жөнінде: "Бұл таңылған соғыстан уақыт өткен сайын Ислам мен Ислам республикасының құдыреті және Иранның әскери және полиция күштері мен халқының табандылығы одан сайын күшеюде. Керісінше соғысқұмарлар мен олардың одақтастарының қылмыстары одан сайын әшкереленуде",- деп айтқан болатын.

Қасиетті қорғаныс соғысының нәтижесінде Иранның әскери күш-өуаты артты

Иранның әскери әлеуетінің артуы – қасиетті қорғаныс жылдарының келесі жетістігінің бірі. Саяси  тұрғыдан қасиетті қорғаныс Иранның әскери және саяси құдыретін, сондай-ақ бұл елдің билігінің оларды  алпауыт үкіметтерге қарсы шоғырландыра алатынын анықтады. Имам Хомейни қасиетті қорғаныс туралы: "Біздің жанкеш жауынгерлеріміздің, біздің батыл халқымыздың арқасында ешкімнің бұл мемлекетті басып ала алмайтыны және зиян келтіре алмайтыны қуатталды",- деді. Қасиетті қорғаныс елдің әртүрлі партиялары мен халықтары және үкімет пен халықтың арасындағы бірлікті арттырды. Сондықтан қасиетті қорғаныстың маңызды жетістіктерінің бірі ұлттық бірліктің нығаюы, әсіресе саяси топтар мен партиялардың өз мүдделерін елдің жүйесі мен қауіпсіздігі деп білулеріне себеп болды. Аймақ пен әлем деңгейінде ИИР 8 жылға созылған қасиетті қорғаныс соғысынан кейін дұшпандарға бұл елге шабуыл жасау емес екенін дәлелдеді. Осы кезде ИИР аймақтың саяси және қауіпсіздік теңгеріміне, сондай-ақ лаңкестікке қарсы күрес пен  аймақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге әсерін тигізетін елдердің бірі саналауы - қасиетті қорғаныс соғысының нәтижесі мен жетістігі.  

 

Тегтер