Қаз 09, 2019 19:23 Asia/Almaty
  • Революцияның екінші қадамы 22 (Соңғы бөлім)

Аятолла Хаменеи «Революцияның екінші қадамы» мәлімдемесінде жастарға: «Келешек онжылдықтар – сендердің онжылдықтарың. Өз революцияларыңды тәжірибелерің және жігерлеріңмен қорғап, оны исламдық жаңа өркениет құру мен велаят күнінің биікке көтерілуіне дайындау секілді үлкен мақсатына жақындататын өздерің»,- деді.

Адамзат үшін жарқын келешек сыйлайтын құтқарушыға үміт арту діндер мен мектептердің көбінде кездеседі. Қасиетті Ислам дінінде бұл наным-сенім мықтырақ әрі анығырақ. Хадистер бойынша, хазірет Мәһди (ғ.с.) Исламның ұлық пайғамбарының ұрпағынан. Ол келіп, зорлықшыларды басып, бейбітшілік, әділет және руханиятқа сүйенген әлемдік үкімет құрады. Исламның ұлық пайғамбары: «Сендерге халық арасында қайшылықтар артып, зұлымдыққа толы жерге хазірет Мәһдидің (ғ.с.) келіп, жер бетін әділетке толтыратынын хабарлаймын»,- деген болатын. Хазірет келу үшін  жағдай жасап, халық үлкен көтеріліске дайындалуы керек. Иран халқының үлкен революциясы исламдық болмысы және армандарымен хазірет Мәһди (ғ.с.) үкіметінің орнатылуы үшін жағдай тудыруды  өзінің маңызды әрі негізгі міндеті санайды. Иран Ислам республикасының іргетасын қалаушы имам Хомейни бұл туралы: «Біздің революциямыз хазірет Мәһди (ғ.с.) туын көтеретін Ислам әлемінің үлкен революциясының басталуы»,- деген болатын.

 

Аятолла Хаменеи «Революцияның екінші қадамы» мәлімдемесінде бұл революцияның хазірет Мәһдидің (ғ.с.) әлемдік қозғалысына жағдай жасаушы рөліне тоқталып, жастарға арнап: ««Келешек онжылдықтар – сендердің онжылдықтарың. Өз ревоюцияларыңды тәжірибелерің және жігерлеріңмен қорғап, оны исламдық жаңа өркениет құру мен велаят күнінің биікке көтерілуіне дайындау сынды үлкен мақсатына жақындататын өздерің»,- деп жазды. Аятолла Хаменеи айтқандай, ИИР хазірет Мәһди (ғ.с.) келгенше жаңа исламдық өркениет құруды мақсат етуде. Ислам дінінің келуінен көп ұзамай бұл қасиетті діннің тағылымдарына сүйенген үлкен исламдық өркениет құрылып, бірнеше ғасыр бойы әлемдегі әртүрлі ғылымдардың туын көтеруші болды. Бүгін ИИР әлем мұсылмандарының жігері және көмегімен жаңа исламдық өркениет құрып, хазірет Мәһдидің (ғ.с.) үлкен көтерілісіне жағдай жасауды көздеуде. Иран алғашқы қадамын басып отырған өркениет ислам үмбетінің бірлігі мен жанашырлығы және талпынысына себеп болады. Сондықтан үстемшіл алпауыт елдердің шынайы қарсыласуына себеп болады. Бірақ нәтижесінде Ислам әлемінің күшеюі мен дамуына жеткізеді. Хазірет Мәһдидің (ғ.с.) революциясы да ислам өркениетін әлемнің түкпір-түкпіріне ең жақсы түрде таратып, оның берекесін барша пайдаланатын болады.

 

Ислам өркениетіндегі ғылыми даму

 

Имам Хомейни мен аятолла Хаменеи қуаттағандай, Иранның Ислам революциясы адамзат құтқарушысы көтерілісінің жағдайын жасаушы әрі дәл осы бағытта ілгерілеуші қозғалыс. Атяолла Хаменеи бұл туралы: «Имам Мәһдидің (ғ.с.) ұрандары мен амалдары біздің халқымыздың бүгінгі ұрандары, бір ел мен бір үкіметтің ұрандары. Мұның өзі имам Мәһдидің (ғ.с.) мақсаттарына қарай жасалған маңызды қадамдардың бірі»,- деді. Құтқарушының келуіне жағдай жасайтын революция жоғары мақсаттар мен армандарды көздеуі керек.

Хазірет Мәһди (ғ.с.) көтерілісінің ең маңызды ерекшелігін халық арасында руханият, ахлақ және Аллаға құлшылық етуді тарату деп айтуға болады. Хазірет үкіметінің мақсаты Ислам тағылымдарын толық орындау, сондай-ақ адалдық, махаббат, қарапайымдылық, жанкештілік, достық пен ықылас секілді қадір-қасиеттерге жігерлендіріп, өтірік, өсек, тіл тигізу, екіжүзділік, тәкаппарлық пен қиянаттан алыстату. Исламның көзқарасы бойынша, Алланың алдында ең жақсы адамдар болып Аллаға басқалардан көбірек иман келтіріп, жақсылық жасағандар саналады. Хазірет Мәһдидің (ғ.с.) үкіметінде бұл құндылық жоғары деңгейіне жетеді.

 

Руханият – хазірет Мәһди (ғ.с.) үкіметінің арманы 

 

 

 

ИИР Исламның тағылымдарын қоғамға таратуға күш салып, осы жолда айтарлықтай табыстарға жетті. Аятолла Хаменеи «Революцияның екінші қадамы» мәлімдемесінде: «Ислам революциясы қоғамда руханият пен ахлақты таратты. Ислам республикасындағы діни және ахлақтық ұстаным әсіресе жастарды қызықтырып, кеңістікті дін мен ахлақтың мүддесіне өзгертті»,- деп жазды. Хазірет маһдавилік қоғам құрып, хазірет Мәһдидің (ғ.с.) келуіне жағдай тудыру үшін халықты ахлақи құндылықтарды сақтап, Алла мен Құранға сүйіспеншілік білдіруге және басшыларды исламдық тағылымдарды кеңейтуге талпынуға шақыруда.

Хазірет Мәһди (ғ.с.) үкіметінің келесі ерекшелігі әділетті таратып, кемсітушілік пен әділетсіздікті жою болып табылады. Әділетсіздік қазіргі әлемдегі көптеген қиындықтардың тамыры.  хазірет Мәһди (ғ.с.) оны тамырымен жояды. Хазірет Мәһдидің (ғ.с.) көтерілісі туралы хадистердің көбінде хазіреттің әділет талап етушілігі қуатталады. Исламның ұлық пайғамбарының хадистерінің бірінде: «Ол пәк басшы, халықтың ризалығының себепкері, дұрыс жолға нұсқаушы. Ол әділет орнатып, оны іске асыруды бұйырады»,- деп айтылған.

ИИР өткен 40 жылда кемсітушілікті жойып, әділет орнату үшін көп талпыныс жасады. Ислам революциясы жетекшісінің айтуы бойынша, өткен 40 жылдағы жетістіктерді басқа ешбір кезеңмен салыстыруға болмайды. «Революцияның екінші қадамы» мәлімдемесінде: «Әділет барлық илаһи елшілердің басты мақсаттарының бірі болды. Ислам респуликасында да әділет дәл осы орынға ие. Бұл барлық замандар мен барлық жерлердің қасиетті сөзі. ИИР-да әділет орнату жоында көптеген талпыныс жасалды»,- деп мәлімдеді.

Алайда әділеттің   кедергілерін жоймай, оны тарату мүмкін емес. Көбінесе зұлымдық пен кемсітушілік, билік пен байлықтың арқасында орнатылған үкіметтер әділетпен қатты қарсыласады. Сондықтан хазірет Мәһди (ғ.с.) көтерілісінің анық ерекшеліктерінің бірі шындық пен әділетпен қарсыласушылар және залымдармен күресу. Исламның ұлық пайғамбары маңызды «Ғадир» құтпасында хазірет Мәһдиді  (ғ.с.) таныстырып: «Ол залымдардан кек алушы, ол озбырлардың қамалдарын қиратушы, ол күпіршілік жасаушыларды жоюшы, ол барлық әулиелердің қанының құнын төлетуші»,- деген болатын. Сөйтіп әлемдік бейбітшілік пен әділеттің орнатылуына жағдай туады. Иранның Ислам революциясы руханият пен әділет орнатып, зұлымдықты жою сынды илаһи мақсаттарды көздеп, Батыстың билікқұмар үкіметтерімен жан-жақты қарсыласып, өзін қорғауда.

 

Аятолла Хаменеидің басқаруымен революцияның екінші қадамын бастау

 

Аятолла Хаменеи «Революцияның екінші қадамы» мәлімдемесінде: «Өткен 40 жылдағы бағынбаушылық, революция мен оның айбынын қорғау, үстемшіл үкіметтердің алдында бас имеу Иран мен ирандықтардың, әсіресе ел жастарының ерекшелігі болды»,- деді. Имам Хомейни де залымдармен күресу туралы: «Біз Алланың қалауымен исламдық елдердегі зорлықшылдардың қолын шауып, шын мәнінде исламның шындықтары мен хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) ахкамын тарататын Ислам революциясын экспорттап, билеп-төстеушілердің зұлымдығы мен билігін аяқтатамыз. Бұл үлкен халық қозғалысының басты мәселелері. Ислам революциясының ең маңызды мақсаттарының бірі адамзаттың құтқарушысы үшін жағдай жасау. Ислам революциясының жоғары мақсаттары тек хазіреттің келуімен толық орындалады» деді.

 

 

Тегтер