Қар 07, 2019 16:51 Asia/Almaty
  • Хазірет Мәһдидің (ғ.с.) имаматы – әділет бұлағы

Бүгінде хазірет Мәһдидың (ғ.с.) жер бетінде адамдардың арасында болуы береке, білім, сұлулық пен бар жақсылықтың қайнары. Біздің әлсіз көзіміз қасиетті тұлғаны жақыннан көре алмайды. Бірақ ол жарқыраған күн сияқты.

 

 

Имам Хасан Аскари (ғ.с.) хиджри қамари күнтізбесі бойынша 260 жылы 28 жасында Самеррада шәһид болды. Исламның ұлық пайғамбарының ұрпағынан шыққан 11-ші имам хазірет Хасан Аскаридің (ғ.с.) шәһид болуынан кейін хабарсыздар мен хаққы қарсылар қуанды. Олар енді жер бетінде халықты дұрыс жолға нұсқайтын имам қалмады деп ойлады. Олар халықты өзінің илаһи болмысына, жүректерді Аллаға шақыратын Алла елшісінің ұрпағынан шыққан имам қалмады деп санады.

Бірақ жер еш уақытта дұрыс жолға нұсқайтын илаһи тұлғасыз қалған емес. Имам Хасан Аскаридің (ғ.с.) перзенті имам Мәһди (ғ.с.) өзінің келуімен илаһи жолды көрсетеді. Ол келіп, барша халықтың арасында әділет орнатып, мақұрымдар мен әлсіздерді жердің мұрагерлеріне айналдырады.

Адамзат құтқарушысы имам Мәһди (ғ.с.) имаматының басталуымен әлемнің барша мұсылмандары мен әділет талап етушілерді құттықтаймыз!

 

Аббаси үкіметі Алла елшісі мен пәк имамдардың сөзінен біраз уақыттан бері имам Хасан Аскаридің (ғ.с.) перзенті имам Мәһдидің келетінін білді.   Олар имамнан перзент қалдырмауға талпынды. Бірақ имам Хасан Аскари (ғ.с.) перзентінің дүниеге келуін жасырып, олардың жобаларын залалсыздандырды. Тек имам Хасан Аскаридің (ғ.с.) жақын серіктері ғана перзенттің, яғни хазірет Мәһдидің (ғ.с.) дүниеге келгенінен хабардар болды. Имам Хасан Аскари (ғ.с.) шәһид болғаннан кейін имамның «Мәһди» деген перзенті туралы хабар біртіндеп таралды. Хазірет Мәһди (ғ.с.) әкесінің жаназасын шығарған кезде бес жаста еді. Жұрт бірінші рет сол күні хазіреттің нұрлы әрі әдемі жүзін көрді. Бұл хабар Аббаси басшыларының да құлағына жетіп, оларды таңғалдырды. Аббас халифасының хазірет Мәһдиді (ғ.с.) тауып, өлтіру мақсаты нәтижеге жетпеді. Хазірет Мәһди (ғ.с.) өмірін сақтап қалу үшін Алланың қалауымен халықтан алыстап,   халықпен тек сайлаған көмекшілері арқылы қатынас орнатуға міндеттелді. Сол кезде мұсылмандар бірінші рет имамының ғайып болуының ащы дәмін татты. Хазірет Мәһдидің (ғ.с.) имаматының басталуымен "Кіші жасырын кезеңі" басталды. Бұл кезең 69 жылға созылып, содан соң "Үлкен ғайып кезеңі" басталды. "Кіші ғайып кезінде" имамның арнайы төрт өкілі халық пен хазіреттің арасында қатынас орнатуға міндетті болды. Олар имамнан діни мәселелер жөніндегі мәліметтерді Пайғамбар (с.ғ.с.) әулеті жақтастарына жеткізді. Халық имамның өкілдерінен сұрақтарын ауызша және жазба түрде сұрап, олар имаға барып, мұсылмандардың сұрақтарының жауаптарын сұрайтын. Имам өкілдері мұсылмандардан хомс пен зекет жинап, хазіретке тапсыратын.

Ғайып болу – хазірет Ыдырыс, хазірет Нұх, хазірет Салиһ, хазірет Юсуф, хазірет Мұса, хазірет Сүлеймен, хазірет Даниал мен хазірет Иса пайғамбарлардың өмірлерінде де орын алған илаһи сүннеттердің бірі. Бұл илаһи елшілер жағдайларына қарай әртүрлі жылдар бойы ғайып болған. Хазірет Мәһдидың (ғ.с.) ғайып болатыны Алла елшісі (с.ғ.с.) мен пәк имамдардың (ғ.с.) жылдарынан бұрынғы кезеңде айтылған болатын. Шиіттердің бірі имам Садықтан (ғ.с.) хазірет Мәһдидің (ғ.с.) ғайып боуының себебі туралы сұраған кезде: "Ғайыбының себебі туралы сіздерге айта алмаймыз. Ғайып – илаһи құпия. Оның сырын білмегенмен, Алланың дана екенін біліп, біз оны қабылдаймыз",- деп жауап берген.   

Адамзаттың құтқарушысы хазірет Мәһди (ғ.с.) қашан келеді? Хазіреттің ғайып кезеңі қашан аяқталады? Бұл туралы Алла елшісі мен пәк имамдардың маңызды сөздері бар. Олар надандық дәуірі сияқты адамдар өз қалауларына бағынатын кезең туралы айтты. Ырымшылдық  пен кекшілдік өршіп, адамдар пайғамбарлардың құтқаратын тағылымдарынан алыстады. Исламның ұлық пайғамбары: "Мен екі надандықтың арасында пайғамбарлық міндетке сайландым. Екінші надандық бірінші  надандықтан өте қиын болды",- деді.   Пайғамбардың (с.ғ.с.) айтқан сөзі ақырзаманда  екінші надандық деп аталатын келесі надандықты білдіреді. Хазірет Мәһди (ғ.с.) бұл қатерлі надандықтан құтқарып, адамзатты бақытты өмірге жеткізеді.  Ислам рауаяттары бойынша, хазірет Мәһдидың (ғ.с.) шақыруы атасы хазірет Мұхаммад Мұстафаның (с.ғ.с.) шақыруына ұқсас болғандықтан оның келуінен бұрын бірінші надандық кезеңге ұқсас, тіпті адасушылық артығырақ кезең келеді. Исламның алдындағы надандық кезеңнің еркшеліктері ретінде шаһуатқа бағынуды, бала өлтіруді, әйелдердің жыныстық жаратылысын пайдалануды, халықтың ахлақтан алыстауын, көптеген адамның адасуын, ырымшылдықты, мүлік және перзенттерімен мақтануды, әйелдердің ұяттан алыстауын атауға болады.

 

Иран Ислам революциясының жетекшісі аятолла Хаменеи Исламға дейінгі надандық кезеңі туралы: «Араб түбегінде адамдардың шәһуат пен нәпсіге бағынуы, жыныстық бұзақылық, басқа жерлерде де адамдардың шаһуатқа бақынуы, қантөгіс пен бұзақылық байқалды. «Сондай ақымақтық, білместікпен балаларын өлтіргендер, Аллаға қасарысып, Алланың өздеріне берген несібесін арам еткендер зиянға ұшыраған. Олар адасқан әрі тура жол да таппайды». («Анғам» сүресі, 140-шы аят). Қатыгездік басқалардың жазықсыз әйелі мен баласына ғана емес,    тіпті өз баласына да мейірімділік танытпайтын деңгейге жетеді. Бұл – надандық. Бір жағынан шәһуат, құмарлық, басқа жақтан ашу-ыза. Тіршілік екі харам сезімнің тұтқынына түседі. Ислам келіп, бұл жағдайды өзгертті. Әрине мұндай жағдай Сасани билігі орнаған Иран мен Рим империясы және тағы басқа қатыгез империяларда  да  болды. Ислам бұл ащы шындыққа қарсы тұрды»,- деді.

Имам Мәһди (ғ.с.) келерден бұрын әлемде надандық кең таралады. Яғни халық шәһуат пен ләззатқа батып, Алла мен илаһи пайғамбарлардың тағылымдарына немқұрайдылық танытып, тіпті илаһи діндерді өз қалауларына қарай өзгертеді. Осы кезде әлем бірінші надандық секілді надандықпен бетпе-бет келіп,  ғылыми-технологиялық жетістіктеріне қарамастан зорлық-зомбылық пен қорқынышты қылмыстарға куә  болуда. Деректер қазір біздің екінші надандық, яғни шәһуат пен зұлымдықтан шектен шығу кезеңінде екенімізді көрсетеді. Сондай-ақ тағұттың зұлымдығына қарсы тұра алмай, әділ құтқарушының жоқтығын сезінетін мақұрымдар мен мазлұмдар бар. Олар құтқарушының келуін әр заманнан көбірек күтіп жүр.

Рауаяттардың бірінде: «Хазірет Мәһди (ғ.с.) зұлымдықты аяқтау үшін басқа адамдардан көбірек Алладан өзінің келуін сұрады»,- деп айтылған. Имам ғайып кезінде бұлттың артындағы күн сынды өз міндетін орындап, әлемге өз берекесін пайдалануға мүмкіндік тудырды. Аятолла Хаменеи: «Бүгінгі таңда адамзат өзінің барлық әлсіздігі, қателіктері және қиыншылықтарымен Пайғамбар (с.ғ.с.) әулетінен қалған осы рухани және илаһи күннің нұрлы сәулесін пайдаланады. Бүгін хазірет Мәһдидың (ғ.с.) жер бетінде адамдардың арасында болуы береке, білім, сұлулық пен бар жақсылықтың қайнары. Біздің әлсіз көзіміз қасиетті тұлғаны жақыннан көре алмайды. Бірақ ол жарқыраған күн сияқты.

Білімді адам үшін Алланың орынбасары, адал пенде, әлемнің бүкіл пенделерінің арасынан сайланған жер бетіндегі илаһи халифаны сезінуден  артық нығмет жоқ. Бүкіл адам осындай керемет тұлғаның болуын армандайды»,- деді.

 

 

Тегтер

Сараптама