Ақп 08, 2020 22:19 Asia/Almaty
  • «Ғасыр мәмілесі» (2): оның Батыс Азиядағы салдарлары

28 қаңтарда АҚШ Президенті Дональд Трамп ресми түрде «Ғасыр мәмілесі» деп аталған жобасын жариялады.

 

Палестиналық топтардың бірігуі

Соңғы жылдары Йордан өзеңінің батыс жағалау мен Газа секторындағы палестиналық топтар арасындағы келіспеушілік, әсіресе өткен жылдың басында Палестина ұлттық біртұтас үкіметі  таратылғаннан кейін күшейе түсті. «Ғасыр мәмілесі» - Йордан өзенінің батыс жағалау мен  Газа секторындағы палестиналық топтарды біріктіретін тақырыптардың бірі, тіпті Палестина автономиялық әкімшілігінің президенті Махмуд Аббас «Ғасыр мәмілесіне» «мың рет жоқ дейміз» деді. Бұл реакциялар палестиналық топтардың сионистік режим мен АҚШ-тың алдында бірігіп, нәсілшіл жобаға қарсы тұрып, Палестинаның территориялық тұтастығын сақтап, ішкі қайшылықтарды тоқтатуға талпынуларының белгісі. Негізінде палестиналық топтар бірлікті «Ғасыр мәмілесін» сәтсіздікке ұшыратын негізгі фактор деп санайды.  Бұл салада Палестинаның Исламдық жиһад саяси бюросының  мүшесі Холед әл-Баташ  «Ғасыр мәмілесі» жобасына реакция білдіріп, оның «АҚШ-тың Палестина халқына қарсы жаңа қастығы» деп атап, палестиналықтардың арасындағы қайшылықтар мен екі топқа бөлінуді тоқтатып, жаңа қастыққа қарсы тұру үшін бірігу қажеттілікті қуаттады. ХАМАС пен Исламдық жиһад қозғалыстары тіпті Махмуд Аббасты Газа секторына сапар шегуге шақырды.

Палестиналық топтар "Ғасыр мәмілесі" жобасына қарсы

Палестина мен сионистік режим арасындағы зорлық-зомбылықтардың артуы

«Ғасыр мәмілесі» Палестинаның жер көлемін қатты кішірейтіп, Израиль режимі жерлерін кеңейтетін біржақты жоба. Америкалық «Washington Post» газеті бұл туралы: «Палестинаға «Ғасыр мәмілесі» бойынша, бір үзім наннан басқа еш нәрсе қалмайды»,- деп жазды. Жер үшін дау-дамай тарихтағы соғыстардың ең маңызды себептерінің бірі болды. Трамп сионистік режимнің премьер-министрімен «Ғасыр мәмілесі» жөнінде өткізген бірлескен баспасөз отырысында: «Израиль бүгін бейбітшілікке қарай үлкен қадам басты. Аймақ үкіметтері экстремизмінің баршаның ортақ дұшппаны екенін түсінді»,- деді. Трамптың жобасында 1948 жылы басталған израильдік-палестиналық 72 жылдық қайшылықты тоқтатқысы келетіні жөнінде айтылды.  Іс жүзінде бұл жоба бейбітшілік орнатпайды, керісінше Палестина мен басқыншы Израиль режимі арасындағы зорлық-зомбылықты арттырады. «Washington Post» газетінің айтуынша, «жылдар бойы дайындалған бұл жоба Йордан өзенінің батыс жағалауын бөледі». Трамп Палестинаға, әсіресе оның географиясына қатысты заңсыз шешім қабылдағанымен, бұл шешімді палестиналықтар жүзеге асырмас түгілі, интифаза және басқа да соғыстарға себеп бола алады. Джереми Бен Эми, Free Street Bar Association жетекшісі бұл туралы: «Бұл жоба – бейбітшілік жоба емес, Американың ежелгі саясаттарынан  және Израильдің бұл мәселеге қатысты экстремистік ұстанымдарынан алыстау»,- деді. Израиль әскери сарапшысы Рон Бин Йишай да еврей тіліндегі «Yedioth Aharonot» газетінде жариялаған мақаласында: «Сионистік режимнің біржақты саяси әрекеті жағдайды одан сайын нашарлатады»,- деп жазды. New York Times  веб-сайты «Трамптың Таяу Шығыстағы бейбітшілік жобасы жалғандықты әшкереледі» деген мақаласында: «Израиль әскерилері жариялаған статистикаға сәйкес, осы кезде Израиль бақылауындағы жерлерде өмір сүретін палестиналықтардың саны сионистерден көп».

Келіссөздердің жарамсыздығы және бейбітшілік  келісімдердің жойылуы

«Ғасыр мәмілесі» жобасының негізі келіссөздер мен бейбітшілік келісімдерге қайшы. Палестиналықтардың бүкіл заңды құқыларын бұзған және олардың жерлерін Израильге сый еткен бұл жоба Палестина мен сионистік режимнің арасындағы АҚШ-тың арағайындығымен өткен келіссөздердің жарамсыздығын көрсетті. Басқа жақтан, бұл жоба Палестинаға қатысты бұрынғы бейбітшілік келісімді бұзады. 1993 және 1995 жылдардағы Осло бейбітшілік келісімі - Палестина шенеуніктері сионистік режимге оның құлдырауы туралы ескертулердің бірі. Палестина автономиялық құрылымының басшысы Махмуд Аббас 2020 жылы 29 қаңтарда сионистік режимнің премьер-министрі   Нетаньяхуге «Ғасыр мәмілесі» жобасының кең ауқымды салдарлары жөнінде ескертіп: «Бұл жоба АҚШ пен Израильдің Осло келісімінің күші жояды, сондықтан Палестина үкіметі өзін Израиль арасындағы келісімдерден, олардың ішінде  қауіпсіздік ынтымақтастық туралы келісімнен азат деп санайды»,- деп жазды.

New York Times  веб-сайты «Трамптың Таяу Шығыстағы бейбітшілік жобасы жалғандықты әшкереледі» деген мақаласында сондай-ақ АҚШ-тың бұрынғы президенттерінің де өз шешімдерімен бейбітшілік келісімдерді осалдатқандарына тоқталып: «Трамптың жобасы АҚШ-тың республиканшыл және демократ заң шығарушыларының ондаға жылдар бойы салып келе жатқан ғимаратының соңғы кірпіші. Өткен онжылдықтар бойы Израиль бірте-бірте Йордан өзенінің батыс жағалауын өз бақылауына алуға талпынды. Осыған орай басып алынған жерлерде қалашықтар құрылысын жүргізіп, 600-ден астам еврейді орналастырды. АҚШ Израильге дипломатиялық қолдау көрсетуі, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі вето құқығын қолдануы, сондай-ақ  Израильді қудалауға рұқсат етпеу  үшін халықаралық соттарға қысым жасауы  және қазіргі  миллиардтаған долларлық көмегімен сионистік режимнің қазіргі жағдайына әкелді»,- деп жазды.

Аймақта АҚШ-қа деген жиіркеніштін артуы

"Ғасыр мәмілесі" жобасының келесі маңызды нәтижесінің бірі Батыс Азия аймағындағы АҚШ-қа деген жиіркеніштін артуы болып табылады. Трамп үкіметі өткен үш жылда исламдық мемлекеттерге қарсы дұшпандық саясаттаы ұстанды. Сауд Арабиясын "сүтті сиыр" деп сипаттауы және Сауд Короліне "егер сендерді АҚШ қолдамаса, өздерінді тіпті екі апта қорғай алмайсындар" деп бірнеше рет қайталауы Дональд Трамтың исламдық елдерді кемсітуі болып саналады. Ислам революциясы Сақшылар корпусының «Құдс» арнайы жасағының қолбасшысы генерал майор Ғасем Солеймани мен Ирактың «Хашд әш- Шааби» халықтық күштері ұйымы басшысының орынбасары Абумахди әл- Моһандес және басқа сегіз адамға қарсы лаңкестік әрекеті Трамп үкіметінің исламдық елдерге қарсы дұшпандылығының жоғары деңгейін көрсетті. АҚШ үкіметінің бұл қылмысы Иракта америкалық күштердің бұл елден шығуын талап ететін қозғалысқа себеп болды. 24 қаңтарда Иракта өткен АҚШ-қа қарсы шеру Батыс Азия аймағындағы АҚШ-қа деген жиіркеніштің кқріністерінің бірі болды. Осы кезде Палестинаға қарсы  және тек Израиль режимінің мүддесін қарастыратын "Ғасыр мәмілесі" жобасының жариялануы Батыс Азияның әртүрлі елдерінде АҚШ-қа қарсы шерулердің жаңа кезеңіне әкелді. Бұл шерулер АҚШ-тың "Ғасыр мәмілесі" жобасын іске асыру талпынысы аймақтағы Вашингтонға қарсы қоқан-лоққыларды артатынын анықтады.

Араб үкіметтерінің орны мен жарамдылығы

"Ғасыр мәмілесі" жобасының маңызды нәтижелерінің  бірі кейбір араб елдерінің АҚШ үкіметіне тәуелді болуы мен олардың Вашингтонға деген адалдығының әшкереленуі . Аталмыш жобаны жариялау рәсіміне үш араб елі, Иордания, БАӘ және Оман елдері елшілері қатысты. Сауд Арабиясы  мен Мысыр сынды елдер де бұл жобаны қолдайтындарын жариялады. Әрине араб елдерінің мұндай ұстанымдары екі маңызды жолдауды жеткізеді: біріншіден, билік пен халықтың арасындағы келіспеушіліктін артуын. Сондықтан араб елдерінің көбінде халықтары шеруге шығып, "Ғасыр мәмілесі" жобасына қарсылығын білдірді. Екіншіден, Біріккен Араб Әмірлігі, Иордания мен Бахрейн сынды елдердің қолдауы мен Сауд Арабиясының үнсіздігі Палестина елі мен оның армандарына немқұрайдылық білдіріп, сионистік режимнің мүдделерін қолдаулары Батыс Азия аймағындағы араб елдердің беделін түсіріп, тіпті уақыт өте оларды сионистік режимнің саясаттары мен мүдделерін қолдаушыларға айналдыруы мүмкін.

 

Тегтер

Сараптама