Ақп 19, 2020 22:27 Asia/Almaty
  • Ирандағы парламенттік сайлау

21 ақпанда Иран халқы парламенттік сайлауға жаппай қатысып, тағы Ислам революциясының армандарына табанды екенін қуаттап, халықаралық бақылаушылар мен сарапшыларға діни халық демократияны халыққа шешім қабылдауға мүмкіндік беретін елді басқару үлгі ретінде таныстырады.

Ислам Кеңесі Мәжілісінің Ислам республикасы жүйесіндегі ерекше орны мен Мәжіліс өкілдерінің елдің тағдырын белгілеу үдерістегі маңызды рөліне байланысты бұл сайлау маңызды саналады. Парламенттік сайлау миллиондаған халық қатысқан 22 баһман шеруінен 10 күннен артық уақыт өтпеген жағдайда өтеді. Иран халқы сайлау учаскелерінде дауыс беріп, әлемдіктерге бұл елдің халқы мен үкіметінің бірлігін көрсетеді.

Діни халық демократия Ислам революциясының дискурсынан шабыт алған үлгі. Ислам революциясы Иранды билеген үстем патшалық режимді құлатуымен бірге, әлем бойында таралған либералдық демократия мен социал демократияны шынайы сынады. Имам Хомейни діни халық демократия немесе Ислам республикасы жобасын ұсынып, Ислам мен демократияның арасын келісімге келтіруге талпынушылар және Ислам мен демократияны бір-біріне қайшы деп санаушылардан бөлек екенін жариялады. Имам Исламды негізінде демократия  немесе халық демократиясы деп санады. Бұл дінде халық дауысы мен діни халық демократияның орыны маңызды және Ислам дінінің негіздерінен тамырланады. Имам Хомейнидің пікірінше, Ислам діні мен діни халық демократия жүйесі Батыстан алынған нәрсе емес.  Ислам революциясы дискурсынан алынған елдің үлгісі, яғни діни халық демократиясында халықтың дауыс беруі мен пікірі мемлекеттің құрылу негізі болып табылады. Халықтың рөлі тек басшыларды сайлау ғана емес, халық елді басқаруға да қатысады. Кейбір Джозеф Шумпетер сияқты батыстық ойшылдар демократиялық жүйелердің демократиялық емес жүйелерден айырмашылығын елді басқаратын азаматтарды сайлауға қатысуында деп біледі. Діни халық демократия жүйесінде халықтың рөлі тек сайлауға қатысумен шектелмейді. Халықтың барлық таптары басшылардың жұмысын бақылау және олардың бағдарламаларды іске асыру әдістерін сынау құқыға ие. Бұл жүйеде барлық басшылар тікелей немесе тікелей емес халық дауысымен сайланады. Бірақ халықтың белсенділігі дауыс берумен аяқталмайды.

ИИР Конституциясы бойынша, Ислам Кеңесі Мәжілісі екі негізгі міндетке ие. Біріншісі - әртүрлі тақырыптарға байланысты заңдар бекіту және екіншісі - заңдардың орындалуын бақылау. Бұл екі міндет Ирандағы Мәжілістің маңызды орының көрсетеді. 63-ші негіз бойынша Ислам Кеңесі Мәжілісінің кезеңі - 4 жыл. Мемлекет Мәжіліссіз қалмас үшін әр кезеңнің сайлауы алдынғы кезеңнің уақыты аяқталмастан бұрын өтеді. Бұл негіз елдің халық өкілдерісіз басқарылмайтынын көрсетеді. Сондай-ақ 64-ші бапқа сәйкес, елдің барлық таптары, олардың ішінде діни азшыл топтар, яғни христиан, еврей және зороастриялықтар  да Ислам Кеңесі Мәжілісіне өкілін сайлау құқыға ие. Бұл негіз бойынша, діни аз санды топтардың Мәжілісте 5 өкілі бар.  Сондай-ақ, 69-шы бапқа сәйкес, мемлекет қауіпсіздігін талап ететін төтенше жағдайлардан басқа барлық жағдайда Парламент мүшелерінің келіссөздері ашық болады және олар туралы толық мәліметтер радио және теледидар мен ресми газет арқылы жарияланады. Ислам Кеңесі Мәжілісі үкімет бекіткен заңдарды мақұлдайды, сондай-ақ заңнамалық ұсыныстар арқылы үкіметке белгілі бір бағдарламаларды іске асыруды міндеттеуге құқылы. Жылдық бюджетті бекіту де - Мәжіліс міндеттерінің бірі.  Бақылау тұрғыдан алғанда, Ислам Кеңесі Мәжілісі елдегі барлық мәселелерді зерттеу құқығы бар және бұл мәселе 26-бапта нақты көрсетілген. Бұл орган барлық халықаралық келісімдерді қадағалап, оларды бекітеді. Үкімет әр несиені алу немесе беру үшін Мәжілістен рұқсат алуы керек. 86-шы бап депутаттарға қолсұқпаушылық құқыны беру арқылы 82 баптың орындалуына кепілдік береді.

Ислам Кеңесі Мәжілісі

Ислам республикасының Президентін  халқы сайлағанымен, Конституция бойынша Ислам Кеңесі Мәжілісінің депутаттары халық өкілдері ретінде сайлауды бақылау құқыға ие. Сонымен бірге Президент ұсынған министрлер Мәжіліспен мақұлдануы керек. Министрді отсавкаға жіберу де Мәжілістің шешімімен қабылданады. 89-шы бап бойынша, егер Мәжілістің 1/3 өкілі Президентті отставкаға жіберу керек деп санаса, Президент бір айдың ішінде Мәжіліске келіп, баяндалған мәселе туралы жеткілікті есеп беруге міндетті. Егер оның есебінен кейін Мәжіліс өкілдерінің 2/3 "Президент жарамсыз" деп дауыс берсе, оның отставкаға кетуі туралы хабар діни жетекшіге жіберіледі. Бұл мәселе Ислам Кеңесі Мәжілісінің атқарушы билікті бақылау үшін жеткілікті заңды құқыларға ие және елдің маңызды орган екенін көрсетеді. Ислам Кеңесі Мәжілісі - Ислам Республикасында адамдардың меншік құқығын іске асырудың маңызды арналарының бірі және демократиялық құндылықтарды нығайту мен тереңдетудің демократиялық құралдарының бірі. Конституцияның сот билігінің тәуелсіздігіне баса назар аударғанына қарамастан, адамдардың құқықтарының бұзылу ықтималы бар, сондықтан Конституция оны болдырмауға арналған шараларды қарастырды. Ислам Мәжілісінің өкілдері  Ұлттық   қауіпсіздік жоғары кеңесі, Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігі, Мәдени революцияның жоғарғы кеңесі сияқты түрлі маңызды кеңестерге қатысып,  азаматтар құқықтарын қорғау  және республикалық жүйені жүзеге асыру  тіректерінің бірі болып табылады. Иран халқының  Ислам Республикасындағы әртүрлі сайлаулар мен  басқа да   22 баһман шеруіне немесе шәһид сардар Солейманиді құрметтеп, онымен қоштасу және жерлеу  рәсімдеріне жаппай қатысуы, сондай-ақ   халықтың АҚШ-тың жаһандық қысымдары мен залым санкцияларына  қарсы төзімділігі мен  қарсылығы халық пен Ислам республикасы жүйесінің арасындағы терең байланысты көрсетеді. Алдағы жұма күні халықтың дауыс беруге жаппай қатысуы Ислам республикасы жүйесінің заңды негіздерінің мықты және Иран халқының  өзінің саяси тағдырын дауыс беру арқылы шешіп, бөгделерге сенім мен үміт артпайтындарын білдіреді. Иран халқы басына түскен қиындықтарға қарамастан діни халық демократиясына табанды және шекараларының сыртындағыларға олардың орнына шешім қабыладуға рұқсат етпейді.

 

Тегтер

Сараптама