Maм 13, 2020 14:36 Asia/Almaty
  • Түрлі діндердегі ораза (5)

Исламдағы ораза. Ораза – ізгілік жолына түсіп, тақуалықты шынықтырып, қанағатқа бой үйрету үшін берілген мұрсат.

Қасиетті Рамазан айы – жылдың ең үздік айларының бірі. Бұл айда Алланың рақым есіктері барлық пендеге ашылады. Ораза ұстаушылар ішіп-жеуден бас тарту және дұрыс амалдар арқылы тақуалығын нығайтады. Ораза Ислам дінінде адамның тақуалығы мен ұстамдылығын нығайтуға бағытталған.

Исламның рауаяттары мен тағылымдарында Рамазан айы Алланың қонақ шақыратын айы деп аталған. Алла Тағала  осы айда өз құлдары үшін рақым мен кешірім есіктерін ашады. Адамдарға өзінің рақым мен кешірім жаңбырын жаудырып, басқа кезден көбірек күнәлар мен қателіктерді кешіреді. Пайғамбар (с.ғ.с.) Рамазан айының ізгілігі туралы: «Егер осы айдың шынайы құндылығы мен берекесін түсінсек, жылдың барлық айының Рамазан айы болғанын қалар едік»,-деген.

 

 

 

 

Беделді тарихи кітаптарға сәйкес, мұсылмандарға ораза ұстауды хиджри жыл санағының екінші жылының шағбан айында Алла елшісіне (с.ғ.с) Жебірейіл тарапынан парыз деп жарияланды. Сол заманнан бері мұсылмандар Ислам пайғамбарының әмірімен Рамазан айында ораза ұстай бастады.

Ислам рауаяттарына сәйкес, ораза мұсылмандарға парыз деп берілген жылы Алла елшісі (с.ғ.с) алдымен оразаның маңызғын түсіндірген. Хазіретттің өзі шағбан айында ораза ұстаған. Пайғамбардың бұл амалы мұсылмандар арасында тез тарады. Мұсылмандар осы илаһи үкімді өте жақсы қабылдады.

Сол кезде пайғамбар Алла уәһи еткен оразаның заңдары мен ережелерін мұсылмандарға жариялады. Ол Құран аяттарында жазылды: ««Ей, иман еткендер! Сендерге бұрынғыларға парыз етілгендей ораза парыз етілді» (Бақара, 2/185).

«Тақуа болыңыздар. Парыз етілген ораза күндері – осы бірнеше күн. Сіздер, егер науқас немесе жолаушы болсаңыздар, оның орнына басқа күндері ұстауларыңыз керек. Алайда мүлде ораза ұстай алмайтын адамдар оразаның әрбір күні бір міскінді тамақтандырсын. Егер біреу ерікті түрде қайырымдылық жасаса, жақсы. Ораза ұстасаңыз, сіз үшін берекелі болады. Егер амал етуге ниеттенсеңіз».

Ислам рауаяттарына сәйкес, Алла Тағаланың барлық пайғамбары Рамазан айында ораза ұстаған. Олар осы күндері халықтан қашықтап, Жаратқанға ғибадат етіп, сырласқан. Сонымен қатар бүкіл қасиетті кітаптар пайғамбарларға Рамазан айында түскен. Құран Кәрім осы қасиетті айдың ең жақсы түндерінде, яғни берекелі Қадір түнінде Ислам пайғамбарының (с.ғ.с.) жүрегіне құйылған. «Бақара» сүресінің 185-аятында: «Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді. Сендерден кім Рамазан айында болса, ораза ұстасын»,-делінген.

Рамазан айында Алланың сөзі, яғни тағы бір илаһи кітап Құран түскендіктен онда ораза ұстау ерекше шарапатқа ие. Қадір түнінің Рамазан айында болуы да осы нұрлы айдың артықшылығын көрсетеді. Қадір түні – адамның бір жылдық тағдыры анықталып, бекітілетін күн. Мұсылмандар «Қадір түні» деп танылған түндерді ғибадат етіп, сырласып, Алла Тағаладан рақымшылық тілеп, ең жақсы тағдыр сұрайды. «Қадр» сүресінде: «Негізінен Құранды Қадыр түнінде түсірдік. (Мұхаммед Ғ.С.) Қадыр түнінің не екенін білесің бе? Қадыр түні мың айдан қайырлы»,-деп жазылған. Құран Кәрімнің ұлы тәпсіршісі ғалым аятолла Табатабаи өзінің «Тафсир әл-Мизан» кітабында: «Бұл сүреде «қадр» сөзінің мәні тағдыр, анықтау және өлшеу болса керек... Қадір түні әрбір адам үшін бір жылдық оқиғалар, соның ішінде өмір мен өлім, ризық пен несібе, бақыт пен сор және осыған ұқсас жайттар анықталады»,-деп жазды.  

Рамазан айы мұсылмандар арасында ерекше орын, құрмет пен маңызға ие. Өйткені бұл айда адамның рухы биіктейді. Мүміндер ережеп пен шағбан айларында рухани жағдайлар мен алғышарттар жасау арқылы жыл сайын өздерін осы берекелі қасиетті айға кіруге дайындайды. Осы ай басталғанда мұсылмандар құштарлықпен Рамазанды қарсы алады. Олар ораза ұстап, мұқтаж жандарға ауызашар мен азық-түлік беру, түндерді ғибадаттармен өткізу, Құран оқу, дұға тілеу, кешірім сұрап, садақа беріп, басқа да ізгі істер жасау арқылы өздерінің жандары мен рухтарын илаһи қайнар көздерден нәрлендіреді.  

Рамазан айында әлемнің түкпір‑түкпіріндегі мұсылмандар бүкіл ай бойы ораза ұстап, ішіп-жеуден бас тартады. Олардың оразасы таңғы азаннан басталып,  Ақшам намазына дейін созылады. Олар Рамазан айы күндері тек екі рет тамақтанады. Таңғы азанға дейінгі ауыз бекітер сәресі мен Ақшам азанынан кейін ауыз ашар кезінде оразаны аяқтау үшін тамақ ішеді.

Шынайы оразаың белгілі бір әдет-ғұрпы бар. Егер оған немқұрайды қаралса, ораза тек шөлдеу мен ашығу азабына айналады. Біздің бейкүнә жетекшілеріміз де өз сөздерінде: «Ішіп-жеуден бас тарту – тек шариғатты сырттай сақтау ғана. Ораза бұл деңгеймен шектелмейді. Бірақ ораза Ислам рәсімінде жоғарырақ деңгейдегі ішкі әдепке де ие. Ораза ұстаушы осы әдеп арқылы таза руханият пен Хақ Тағалаға жақындауға мұрсат алады. Оразаның ең маңызды рәсімдердің бірі – дененің барлық мүшесін, әсіресе тілді күнәдан таза ұстау. Тіпті ғайбат, өтірік, жала, балағат сөйлеу сияқты күнәлар оразаны бұзады»,-деді.  Имам Садық (ғ.) осы туралы: «Ораза ұстаған кезде сенің құлақ пен көз секілді барлық дене мүшең ғибадат пен ұстамдылық жағдайында болуы керек»,-деді. Келесі бір хадисте бұл мәселе егжей-тегжейлі қарастырылған. Мысалы, жаман сөйлеу, дөрекі сөйлеу, жөнсіз дауласу, басқаларға, әсіресе қызметшілер мен қоластындағыларға тиісу, бос әрі қарама-қайшы істер атқару ораза мен ішкі әдепке қайшы әрекеттер деп аталған. Тіпті Исламның қадірлі пайғамбары: «Ораза ұстағандар қаншалықты аз болса, ашығып жүргендер соншалықты көп»,-деген. Сондай-ақ: «Ораза ұстап жүріп, аманатқа қиянат ететін, сөйлегенде өтірік айтатын, сертті бұзып әрекет ететін адам екіжүзді»,-деді. Сонымен қатар «Харам мал жеу, басқаларға құрметсіздік көрсету және көршілердің мазасын алу оразаны бұзады» деген.

Ораза ұстау, ғибадат ету және Құдаймен оқшаулану адамды күнделікті күйбең тіршіліктен шығарып, оның назарын ішкі дүниесіне аударады. Иә, Рамазан – ішкі өзгерістің бастамасы. Бұл өзгеріс адамды рухани әлемге жетелейді. Мұнда адам «өзім» дегеннен қашықтап, адам болу жауапкершілігі, руханилықты сақтау және биікке жол табудың маңыздылығын түсінеді. Рамазан айында ішкі дүниедегі рухани бос кеңістіктер ораза ұстау, ғибадат ету, күнәдан бас тарту арқылы толтырылады. Адамның нәпсісі мен асау мінезі әлсірейді, оның рухы ораза мен ғибадат арқылы күнәлардан тазарып, жеңілдейді. Руханилану ерекше тыныштық тудырады. Тіпті Жер жастандырып, Құдайға қарай ұмтыла ұшу сезімінен айырған дүниеқоңыздық пен қиыншылықтардың ауыр жүгі Рамазан айында иығымыздан түсіп, ораза ұстаушыларда биікке самғау құштарлығын қайта жандандырады. Иә, ораза – ислам тұрғысынан жақсы болу, тақуалық сақтауға жаттығу мен қанағатшыл болуға берілген мұрсат. Ораза – тілді харам әрі ауыр сөз айтудан тарттыру. Ораза – нәпсіні тыйып, шектен тыс талап етушілік пен бұғау бұзушылықтан сақтандыру. Иә, оразаның шындығы – Хақ Тағаланың алдында ішкі әдепті сақтау, рухани үнсіздік пен терең ойланып, өз-өзіңді үнемі бақылауда ұстау. Ей, адам, жан дүниеңді жамандықтан тазартып, періштелер деңгейінде қадам бас.

Алла елшісі (с.ғ.с.) Рамазан айы қарсаңында: «Уа, халайық! Кешірім мен рақымға толы берекелі ай келді. Бұл ай – Алла алдында ең үздік ай. Күндері мен түндері – ең жақсы күндер мен түндер, сағаттары ең маңызды сағаттар саналады. Бұл айда сіздер Құдайдың қонақасына шақырылып, оның кереметін пайдаланатындардың қатарына қосылдыңыздар. Бұл айда сіздердің әрбір тынысыңыз – Құдайдың тәспиығы. Ұйқыларыңыз – ғибадат. Амалдарыңыз қабылданып, дұға-тілектеріңіз орындалады»,-деген.

 

 

Тегтер