Maм 14, 2020 21:47 Asia/Almaty
  • Қадір түні: Аспандықтардың қонағы (2)

Қасиетті Рамазан айының 21-ші түні – Қадір түні мың айдан артық түн; алдағы бір жылдық тағдырымыз белгілі болатын түн. Рауаяттар бойынша Рамазанның 19-шы түнінде адамдардың тағдырының кітабы ашылады. Ең жоғары мәртебеге ие 21-ші түнде әлемнің бүкіл істері, әсіресе әр адамның жағдайы жазылады. 23-ші түні илаһи халифа растайды. Бұл кезеңдер мүмінді тынышытық пен Қадір түнінің қадір-қасиетін түсінуге жеткізеді.

 

Алланың қонағы болуға шақырған қасиетті рамазан айының өте маңызды түніне де жеттік. Бүгін, айдын 21-ші түні екінші Қадір түні саналады. «Бақара» сүресінің 185-ші аятында Құранның қасиетті рамазан айында түскені айтылды: «Рамазан айы сондай бір ай, ол айда адам баласына тура жол және (ақ пен қараны) айыратын дәлел түрінде Құран түсірілді».   Сондай-ақ Алла Тағала «Духан» сүресінің 3-ші аятында:  «Шын мәнінде оны құтты бір кеште түсірдік»,- деді. Бұл аяттардан рамазан айында Құран түсірілген Қадір түнінің бар екенін түсінеміз.  Құран бірден Қадір түнінде түсірілгенімен, Қадір түні жыл сайын қайталанып, оның құндылығы қиямет күніне дейін қалады. Қадір түні құнды, ізгі, маңызды және ұлы істермен танымал түн.  Бұл түні Алла Тағала өмір мен өлімді, жақсылық пен жамандықты,  бақыт пен қатыгездікті, дамуды және күнкөріс пен тіршіліктін мөлшерін белгілейді.

Бұл ақылға сай белгілеу адамның өз тағдырына тигізетін әсерін теріске шығармайды. Өйткені адамның ерік болуы Алланың тағдырының бір бөлігі. Құранның көптеген аяттарында адамның ерік-жігерінің рөлі туралы айтылды. «Наджм» сүресінің 39-шы аятында: «Адамзат; еңбегіне жарай ғана табысқа ие болады»,- деп айтылды. Сондай-ақ дұға адамның тағдырына әсерін тигізе алатын ғибадаттардың бірі. Алла елшісінен: «Ем үшін қолданылатын дәрі мен дұға науқастың тіршілігін өзгертіп, илаһи тағдырдың алдын ала аладыма?»- деп сұраған кезде, хазірет: «Дұға мен дәрі науқастын тағдырын өгерте алады. Өйткені олар да илаһи тағдырдың бір бөлімі»,- деп жауап берді.  Расында Алла Тағала дұға, садақа, көмек, Алланың жаратылысы үшін қызмет ету арқылы адамның тағдырына әсерін тигізу мүмкіндікті сый етті. Имам Садық (ғ.с.): «Дұға илаһи тағдырды өзгерте алады. Сондықтан көп дұға жасаңдар. Дұға жасайтын ең жақсы мұрсат – Қадір түндері. Имам Саджад (ғ.с.) «Саһифе Саджадие» дұғалары жинағы кітабінің 23-ші дұғасында: «Уа, Алла, Мұхаммад (с.ғ.с.) мен хазіреттің әулетіне сәлем жеткізіп, мені пәк етіп, пәктігімді сақтап, мені кешіріп, мұқтажсыз етіп, бұл дүние мен ақыретте көмектесе гөр»,- деді.

Қадір түні Алланың рақым дастарханы жайылады. Алла Тағала «Қадір» сүресінің аяттарында Қадір түнінің мың айдан артық екенін еске салады. Құран түскен бұл түнде Жебірейіл мен басқа періштелер топ-тобымен жерге түскен. Олардың жерге түсуі түннің басталуынан күн атқанша жалғасып, жақсылық пен береке әкелді. Пайғамбардың (с.ғ.с.) рауаяттардың бірінде: «Қадір түні келген кезде бірқатар періште, соның ішінде Жебірейіл түседі. Жебірейіл бірнеше байрақты алып, жерге түседі. Ол байрақтың бірін менің қабірімнің үстіне, басқаларын Бейт әл-Мұқаддас пен әл-Харам мешітінде орнатты. Ешбір мүмін ер мен әйелді сәлемсіз қалдырмайды»,- деп айтылды.

Бұл түн – ойланатын түн. Мың айдан артық бұл түні адам келешегі үшін бақытты болатындай бағдарламаларды ойластыра алады. Алла Тағала Құран мен дұғаларында бұл қасиетті түнді адам Алламен қатынас орнататын түн ретінде сипаттайды. Яғни, бұл түннің бір адал амалының құны мың айда жасалған адал амалдарының құнына теңеледі. Бұл қасиетті түндегі немқұрайдылық адамға үлкен шығын келтіреді.

Қасиетті Рамазан айының 21-ші түні – имам Әли (ғ.с.) шәһид болған түнмен тұспа-тұс келген екінші Қадір түні. Имам Хасан Моджтаба (ғ.с.) имам Әли (ғ.с.)-ның шәһид болған түні, қасиетті Рамазан айының 21-ші түні туралы: «Өткен түні одан Алла елшісінен басқа ешкім алға шықпаған ер адам дүние салды. Ол Пайғамбардың қасында жиһад етіп, хазіреттің туын көтерген. Жебірейіл мен Мекәйіл оны қолдаған. Бұл түні Алла елшісіне Құран түсіп, хазірет Иса бен Мәриәм аспанға көтеріліп,  Джошуа ибн Нун қаза болды»,- деді.

Хазірет Әли (ғ.с.) – Қағбада дүниеге келген және сол кезде пәк нұры Алланы мадақтауға кіріскен жалғыз тұлға. Хазірет – Исламға иман келтірген және Алла елшісінің артынан намазға тұрған бірінші адам. Хазірет Әли (ғ.с.) 10 жасынан Пайғамбардың қасында болып, Меккенің айналасындағы далаға шығып, адамдардан алыстап, Жаратушымен сырласатын. Ол мешітте шәһид болған сәтте де Аллаға немқұрайдылық танытпады. Алла елшісінің серіктері Пайғамбар (с.ғ.с.) қасиетті Рамазан айының айбыны туралы баяндаған шағбан айының соңғы жұмасын ұмытпады. Пайғамбардан құтпасының соңында қасиетті Рамазан айының ең жақсы амалы туралы сұраған кезде Алла елшісі (с.ғ.с.): «Бұл айдың ең жақсы амалы Алла харам еткен нәрселерден тартыну»,- деп жауап берді. Сол кезде Алла елшісі жылады. Әли (ғ.с.) хазіреттен жылауының себебін сұрады. Имам Әли (ғ.с.): «Әлижан!  Қасиетті Рамазан айының бірінде ең қатыгез адамның қолынан қаза боласың»,- деді. Хазірет Әли (ғ.с.): «Сол кезде дінім аман қала ма?»- деген сұрақ қойды. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Иә, дінің аман қалады»,- деді. Сол кезде имам Әли (ғ.с.): «Уа, Алла елшісі! Бұл мен үшін жақсы хабар»,- деді. Сондықтан қылыш басына тиген кезде: «Қағбаның Иесімен ант етемін, жеңілдедім»,- деді.  

 

 

 

Хазірет Әли (ғ.с.) өсиетнамасының бір бөлімінде Алланың жалғыздығы мен Алла елшісінің пайғамбарлық міндетін растап, имам Хасан (ғ.с.) мен басқа перзенттеріне былай деді: «Уа, Хасан! Мен сені және басқа перзенттерім мен жақындарымды, сондай-ақ, бұл өсиетнаманы көрген әр адамды тақуалыққа және Алладан қорқуға шақырамын. Мұсылман болумен бірге Алланың жібіне (дініне) жабысуды насихаттаймын. Уа, менің перзенттерім! Халықпен жақсы сөйлесіңдер. Алла айтқандай жақсылыққа жігерлендіріп, жамандықтан жирендірумен айналысыңдар. Дұға жасап, Алладан жамандықты жоюды сұраңдар. Жақсылық жасап, бір-біріне көмектесіңдер. Алланың жазасынан қорқыңдар. Алла Тағала барлығыңды қорғап, пайғамбар үмбетіне хазіреттің (с.ғ.с.) әулетін құрметтеуге көмектеседі».  

 

  

 

 

Тегтер