Maм 19, 2020 15:54 Asia/Almaty
  • Исламдағы ахкам философиясы (9)

Исламның ұлық пайғамбары: «Алланың алдындағы ең сүйікті ғамал – белгіленген уақытта намаз оқу», - деген.


Намаз оқитын адам ғибадаттарын Алла қабылдай ма деп алаңдайды. Бұл сұраққа жауап беру үшін Құран мен рауаяттардағы тақырыптарға шолу жасаймыз. Намаз қабыл болуы үшін Алла сайлаған басшыға иман келтіру қажет. Өйкені, имам – адамның барлық ағзасына қан жеткізіп, адам өмірінің жалғасуына кепілдік беретін жүрек сынды. Имам Саджад (ғ.с.) «Исламда сенімнің қай негізі басқасынан көбірек намаздың Алланың алдында қабыл болуына себеп болады?» деген сұраққа: «Біздің дұшпандарымыздан алыстап, бізбен дос болып, велаятымызды қабылдауы»,- деп жауап берген.  Намаздың қабылданатын келесі маңызды шарты – тақуалықта. Яғни, адамның тайып кетуіне жол бермейтін ішкі тежегіш күш өте маңызды. Сондықтан ол туралы Құранда жүз он рет айтылған. Исламның ұлық пайғамбары: «Көп намаз оқысаңдар және көп ораза ұстасаңдар да, тақуа болмасаңдар, Алла оларды қабылдамайды»,- деді. Хазірет Әли (ғ.с.): «Намаз адамды Аллаға жақындатады»,- деді. Исламның негізгі мәдениеті бойынша, білім мен хабардарлық – намазға ғана емес, бүкіл ғибадатқа әсер ететін маңызды құндылықтардың бірі. Исламның ұлық пайғамбары: «Илаһи айбыннан хабардар адамның бір рекет намазы Алланың дәрежесінен хабарсыздардың мың рекет намазынан артық»,- деген болатын. Аллаға иман келтірген, велаятты қабылдайтын және хабардар намазхан өз ғамалымен рухани қадір-қасиет және адамгершілікке ие адамның намазының қабыл болатынын көрсетуге талпынады.

Имам Садық (ғ.с.) серіктерінің біріне ұлы Алланың: «Менің ұлылығым мен айбынымның алдында қарапайымдылық білдіретін және менің ризалығым үшін нәпсісінің қалауынан алыстайтын адамның намазын қабылдаймын»,- деген сөзін жеткізген. Рауаяттың жалғасында: «Мен халықтың алдында өзін артық санамайтын адамның намазын қабылдаймын. Аш адамды тамақтандырып, жалаңашты киіндіріп, зардап шеккендерге көмектесу міндетін қабылдайтындардың намазын қабылдаймын»,- деп айтылған.    

Намазхан Алла мен халықтың алдындағы жауапкершілігін сезуі керек. Исламның құқық жүйесінде ата-ана ерекше орынға ие. Құран Кәрімде Алла Тағала өзіне құлшылық етумен бірге ата-анаға жақсылық жасауды бұйырды. Имам Садық (ғ.с.): «Алла Тағала ата-анасына ашуланып қараған адамның намазын қабылдамайды»,- деді.

Негізінде басқалардың құқығын бұзбау, барлық, әсіресе қоғамдық ахлақ тұрғысынан өте маңызды. Исламның ахлақ жүйесінде ғайбат айту, яғни басқалардың сыртынан жамандаудан үлкен күнә жоқ. Исламның ұлық пайғамбары: «Ғайбат айтқан мұсылман ер мен әйелдің намазы мен оразасын, егер артынан сөз айтылған адам оны кешірмесе, Алла 40 тәулікке дейін қабылдамайды»,- деп қуаттаған.

Келесі маңызды мәселе намаз кеңістігін әртүрлі зияннан қорғауда. Илаһи шектеулерді сақтамау, намазды шаршап-шалдығып немесе ұйқылы-ояу оқу мен тағы басқа осындай жағдайлар намаздың әсерін төмендетеді. Сондай-ақ, адам намаздың белгілі уақытына табанды болып, шынайы себепсіз оны кейінге қалдыра алмайды. Илаһи басшылар тіпті соғыс кезінде де намазды уақыты дер уақытында оқыған. Хазірет Әли (ғ.с.): «Намаздың шарттарын орындап, оны сақтаңдар. Намазды ықыласпен орындап, Аллаға жақындаңдар. Намаз – иман келтіргендер үшін белгіленген уақытта орындалатын уәжіп»,- деді. Исламның ұлық пайғамбары: «Алланың алдындағы ең сүйікті ғамал – белгіленген уақытта намаз оқу»,- деген болатын. 

 

 

 

Сараптама