Maм 20, 2020 22:17 Asia/Almaty
  • Құран жолдаулары (6)

Қасиетті Рамазан айы – мүміндер сабыр сақтайтын және кешірілгені туралы хабар алатын ай.

 

Рамазан айы – Құранның көктемі. Бұл ай мүмін адамдарға Аллаға жақындағаны туралы хабарды жеткізеді. Бұл айда мұсылмандардың ерік-жігері нығайып, ішкі шынжырлардан босайды. Ораза тұтушы адам тек ішіп-жеуден тартынбайды, ол өзінің нәпсісімен де күреседі.

Исламдық ахлақ адамның жағымды қадір-қасиеттері мен жағымсыз қылықтарын айқын бөліп, Исламның жақтастарын адамгершілік негіздер мен жоғары құндылықтарға шақырды. Алла Тағала «Хадж» сүресінің 34-35 аяттарында: «Біз әрбір үммет үшін өздеріне берген малдардан, Алланың ғана атын атап, құрбан шалуды бекіттік. Өйткені, Тәңірлерің бір-ақ Тәңір. Сондықтан Соған бой ұсыныңдар. (Мұхаммад!) Ықыластыларды қуандыр. Олар қашан Алла зікір етілсе, жүректері дүпілдейді. Өздеріне келген ауыршылыққа шыдап, намазды орындай отырып, берген несібемізден тиісті орынға жұмсайды»,- деді. 34-ші аятта адамның төрт қадір-қасиеті көрсетілген: біріншіден, олар Алланың атын естіген кезде жүректері лүпілдейтіндер; Алланың ұлылығы туралы түсініп, қиындықтарға шыдап, намаздарын орындағандар. Ғұлама Табатабаи иман келтіргендердің қадір-қасиеті туралы иман нұрының бірте-бірте адамның жүрегіне әсер ететінін жазды. Бұл нұр бірте-бірте артып, күннен күнге кемелденіп, Алланың есімін естіген кезде жүректері лүпілдейтін жағдайға жетеді.

Исламдық ахкамда қарапайымдылық ерекше орынға ие. Адам қасиетті Рамазан айында қарапайымдылық  сынды қадір-қасиетін нығайта алады. Қарапайымдылық жүректерді жібітіп, басқаларды адамға жақындатады. Махаббат, достық, мейірім мен абыройдың кілті болып табылады. Қарапайымдылық бауырмалдық, мейірім мен махаббатқа және шынайы деңгейге жеткізеді. Қарапайымдылық – белгілері амал мен сөздерден көрінетін ақылға сай ішкі жағдай. Қарапайым, кішіпейіл адам басқалармен мейірімді және сыпайы сөйлесіп, үнемі күлімсіреп, ашық жүз танытады. Кішіпейіл адам Аллаға бағынып иманы және махаббатымен Оған ғибадат етеді. Аллаға бой ұсынғандардың келесі ерекшелігі өздеріне келген ауыршылыққа шыдамдылық білдіреді. Олар бетпе-бет келген қиындықтары үлкен болғанымен, олардың алдында тізе бүкпейді, шыдамдылық білдіріп, майданнан қашпайды, күпірлік айтпайды. Өйткені Алланың мейірімділерінің мейірімдісі екенін біледі. Олар намазды Алла белгілеген уақытта толық орындап, әлем Жаратушысымен қатынасын күшейтеді. Басқа жағынан мүлкінің азаюына алаңдамай, Алланың ризалығы үшін мүлкінің берекесінен мұқтаждарға береді. Негізінде иман келтіргендер еш уақытта Аллаға немқұрайдылық танытпай, оған ғибадат ететін қарапайым адамдар. Хазірет Әли (ғ.с.) олардың ерекшелігі туралы: «Олар діншіл, күшті, терең ойлайтын, имандары мықты, білімқұмар, білімді болғандарымен қарапайым. Олар ғибадат кезінде қарапайым, қиындықтарда сабырлы, халал кәсіпші, дұрыс жолға нұсқау кезінде қуаныштылар»,- деген болатын. Хазірет Ибраһим (ғ.с.) – құлшылықтың айқын үлгісі. Ол Алланың бұйырығына мүлтіксіз бағынды. Хазірет Ибраһим мен перзенті хазірет Исмаил ықыласпен Алланың үйінің қабырғаларын көтерген соң Алладан әрқашан Оның бұйрықтарының бағынушысы болуға  көмектесуді және олардың ұрпағынан мұсылман үмбеттің таралуын тіледі. Жаратушысы оған «бағын» деген кезде ол «әлем Жаратушысына бағындым» деді. Ол өзі де, перзенті Исмаил де Алланың бұйрығына бағынды. Хазірет Ибрахим түсінде ұлын құрбан етуге міндеттелгенін көріп, оған айтқан кезде хазірет Исмаил: «Әке! Бұйрықты орындаңыз! Алланың қалауымен мені сабырлардың арасынан табасыз»,- деді. Ол бұл емтиханнан абыроймен өтіп, Алланың айтқанына бағынып, бұйрығын орындады. Адам өзін тәрбиелеп, қадағалап, адамгершілік пен жақсылық жасауды үйреніп, өзін құтқара алады. Алланың адал пенделері басқалармен қатынас орнатқан кезде мейірім мен қарапайымдылық білдіреді. Олар тіпті надандардан балағат естісе де, олармен сәлемдесіп, әдептілік танытады.

 

    

 

Сараптама