Шіл 15, 2020 14:01 Asia/Almaty
  • Айя София мешітінен азанның жүрекке қонымды дауысы естілді

2020 жылдың 10 шілдесінде 86 жылдан кейін Айя София мешітінен жүрекке қонымды азан дауысы естілді.

 

Әрине мешіттің маңында болып, азаншының дауысын естіген адамдардың жүрегі ерекше толқыды және бұл тарихи бірегей ғимараттың қайтадан мешітке айналуы туралы хабарды алыстан естігендер қуанышын жасыра алмады. Көптеген жылдардан кейін бұл қасиетті жер қайтадан бір Аллаға құлышылық ететіндердің ғибадат жеріне айналды. Бұл өзгеріс халықтың қолдауына ие болып, хабарды естіген халық қуанышқа бөленіп, әлеуметтік желілерде бір-бірін құттықтады.

Айя София мешіті Византия мен Осман империялары кезінен келе жатқан сәулеттің бірегей ғимараты. Айя София мешітінің ғимараты Византия империясы кезінде Юстиниан 1-шінің әйелінің бұйрығымен бұл ғимарат жөнделді. 5 жыл бойы 10 мың жұмысшы бұл жерде жұмыс жасады.

Айя София қасиетті даналықты білдіреді. Константинополь  Осман империясымен жаулап алынғаннан кейін шіркеу Осман паьшасының бұйрығымен мешітке айналды. Содан соң мешітке мұнарлар салынды. Жылдар бойы бұл жер жөнделіп, қайта жаңғырды.   Мұстафа Ататүрк билігі кезінде 1934 жылы Айя София мешіті мұражайға айналды. Мешіттің кілемдері жиналып, Алланың, хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.), төрт халифа мен имам Хасан (ғ.с.) және имам Хусейннің (ғ.с.) есімдері жазылған  дөңгелек тақтайшалар түсірілген болатын. Сөйтіп қасиетті мекеннің рухани кеңістігі  мұражайға айналды.  Бірақ бұл тақтайшаларды Стамбулдың басқа мешіттерінде пайдалану үшін сыртқа шығармақ болған кезде олар үлкен болғандықтан Айя Софияның ешбір есігінен өтпейді. Сондықтан оларды бірінің үстіне бірін қойып, бір бұрышқа жинап тастайды. Кейін 1949-шы жылы бұл тақтайшалар Айя Софияның қабырғаларына қайтадан ілінді.

Айя София мешіті

Айя София тағдыры Түркияның саяси тарихымен байланысты. Түркия тарихына жасаған шолу бұл елдегі дінге деген екі түрлі көзқарасты көрсетеді. Осман империясы кезінде  патшалар өздерін халифа деп атап, діннің атымен халықты билеуге талпынды. Бұл кезеңде Айя София шіркеуі мешітке айналды. Осман империясы ыдырағана соң 1923 жылы Түркия республикасы құрылып, Мұстафа Кемал Ататүрк биік басына келді. Ол секуляризм мен ұлтшылдықтың жақтасы болып, дін мен діншілдерге қарсы көптеегн талпынысын бастады. Оның бұйрығымен 1934 жылы Айя София мешіті мұражайға айналды. Енді қазіргі кезде бірнеше онжылдықтан кейін Айя Софияның қайтадан мешітке айналуының куәсі болдық. «Бұл шешім секуляризмнің сәтсіздікке ұшырап, адамзаттың руханият пен дінге қайта бет бұруы» деп айтуға болар. Өткен бірнеше ғасырда заманауи ілімнің Алланың заңдарына немқұрайдылық білдіруі материалдық идеологияны басым етті. Адамзат өзінің жоғалтқан руханиятына қайтаруда. Сондықтан әртүрлі діндер жақтастары адамзатты құтқаратын жолды іздеуде. Әлемдегі дағдарыс  кезінде адамзат материалистік ойдың тиімсіздігі мен әлсіздігі туралы көбірек біле бастады және өзінің табиғатына   қайта оралуға талпынуда. Осы тұрғыдан алғанда біз зайырлы әлемдегі гуманистік ойдың іргелі және құлдырайтын негіздеріне куә болып отырмыз. Материалистік идеологияның адамның нақты қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайтындығын адамдар жақсы біледі.

Айя Софияның мұражай болған кезіндегі ішкі көрінісі

Бүгінгі таңда қоғамдар мен халықтар сана мен өз болмысына оралып,  өзіне деген сенім мен парасаттылыққа қол жеткізді.      Сондай-ақ халықтар дінді   жеке және әлеуметтік өмірге қайтаруға   руханият, өнегелік, құнды білім, ғылым және іс-қимылмен үйлесетін мектепті ұстануға бел буды.  Әрине бұл тұрғыдан Ислам діні әлемнің щшындық талап етушілерін дұрыс жолға нұсқау жоғары қабілетке ие. Бұл дін ақылға негізделген. Адамның ақылы менкемеңгерлігіне сүйенген дін өзінің дұрыстығына сенімді және ілім дамыған сайын, оның тағылымдары одан сайын жарқырайды.  Сондықтан қазіргі кезде әлем ислам мен монотеизм  дауысының таралуының  куәсі болуда.  Үстем құдыреттердің исламофобия мен Исламнан үркіту саясатты жүргізу себептерінің бірі Исламға бет-бұрудың артуы болар.  

Күн сайын Исламға деген қызғушылықтың артып, Исламның кеңінен таралуы туралы хабарлар жарық көреді. Осыдан біраз уақыт бұрын Ислам дініне қарсы қатаң үгіт-насихат жүргізген нидерландиялық саясаткердің мұсылман болғаны туралы хабар баршаның көзіне түсті. Нидерландия саясаткері, оңшыл партияның бұрынғы мүшесі Joram van Klaveren 2019 жылдың 4 ақпанында Ислам дініне қарсы кітап жазып жатқан кезінде бұл діннің оң пікірлерімен көбірек танысып, олардың оны қызықтырғаны туралы жариялады. Соңында ол Ислам дінің қабылдап, оның тақырыбын өзгертті. COVID-19 кішкентей вирусы қазіргі адамның бүкіл ғылыми-технологиялық жетістіктерін дағдарысқа тіреп, әлемді өлімге  әкелетін аурумен шырмаған бірнеше айда, ол аурудан аман қалу үшін Аллаға деген иманы және Ислам тағылымдарынан көмек алуда.  Келесі бір хабардан Германияның діни қызметкерінің бірінің коронавирус пандемиясы кезінде халық Аллаға жақындау үшін шірекуде азан оқуды сұрағанын оқимыз.

Бұл салада Германия мен Нидерланды елдері халық рухын көтеру үшін коронавирус ауруына қарсы шамамен 100 мешітте азан айтылды. Нидерланды елінің медициналық билбордтарында Құранның «Мәида» сүресінің  32 аятының «... Кім оны тірілтсе (өлімнен құтқарса), барлық адамды тірілткенмен тең»,-  деген үзіндісі жазылған.  

«Кім оны тірілтсе (өлімнен құтқарса), барлық адамды тірілткенмен тең». 

Ислам діні Құдайдың айқын және ақылға қонымды бейнесін ұсынады, сондықтан мұсылман болған көптеген адамдар Исламды қабылдауларын оның монотеизмінен деп біледі.  АҚШ-тағы христиандардың шіркеулерінің бірі батыстықтардың көбінің Исламды қабылдауы туралы: «Исламның доктринасы  қарапайым және қисынды, барлық мұсылмандар тең,   Ислам  - бұл практикалық дін»,- деді. Адамзаттың білімі артқан сайын Аллаға иман келтірушілер артып, әлем өзгереді. Модернизм дағдарысқа тіреледі.

   

 

 

 

 

Тегтер

Сараптама