Қар 23, 2020 20:16 Asia/Almaty
  • Он бірінші жұлдыздың аясында

Исламның ұлық пайғамбары әулетінің бүкіл жақтастарын имам Хасан Аскаридің (ғ.с.) туған күнімен құттықтаймыз!

 

Медине көшелері хош иіс аңқып, періштелер қанаттарының дыбысы естілді. Періштелер аспаннан түсіп, Медине ерекше көңіл күйге бөленді.

Хиджри қамаридің 232 жылының раби ас-сани айының 8 жұлдызында  медине қаласында Пайғамбардың (с.ғ.с.) немерелерінің бірінің дүниеге келген хабар таралып, халықтың қуанышына себеп болды.  Қасиетті сәбидің дауысы Медина қаласына таралды. Ия, ол сәби мен кішкентай жұлдыз Әбу Мұхаммад  лақап атымен аталған имам Хасан Аскари (ғ.с.) болды. Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) сөзінің бірінде: «Менің әулетім хазірет Нухтың кемесі сынды. Оларды пана тұтқан адам құтқарылады және олардан алыстағандар батып кетеді»,- деді.  

 

Имам Хасан Аскари (ғ.с.) өзінің алғашқы және ең маңызды қадамында  хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) исламын таратып, оның сындарлы және өмірлік идеяларын түсіндірумен айналысты. Келесі маңызды амалы қарсыластары мен діни ғұламалардың сұрақтарына жауап беру болды. Барлық қауіп-қатерлерге қарамастан саяси іс-шараларды жоспарлау, ұйымдастыру және басқару имам Аскаридің (ғ.с.) жасаған тағы бір қадам болды және іс жүзінде дін мен саясаттың ажырамас екенін көрсетті. Имам Хасан Аскаридің (ғ.с.) әкесі имам Хади (ғ.с.) өз серіктерінің біріне: «Ұлым Хасан (ғ.с.) менің үлкен ұлым және менің орынбасарым. Ол имаматты басқарады. Менен сұрайын деген нәрсенді одан сұрай беріңдер»,- деді.  

Имам өз мақсаттарын алға ілгерлету үшін қиын жағдаймен бетпе-бет келді. Аббаси халифаларының саясаты алдап-арбауға негізделген еді. Имам мұндай жағдайда Пайғамбар (с.ғ.с.) әулетінің жақтастарын ұйымдастырып, келешекке үміттендіруге міндетті болды. Басқа жақтан он бірінші имамның кезіндегі шиіттердің күш-қуаты мен кеңінен таралуы биліктің имамды (ғ.с.) қамауда ұстап, ешбір белсенділік жасауға рұқсат бермеуіне себеп болды. бірақ имам кез келген мұрсатты шиіттер қозғалысын басқаруға пайдаланды. Сөйтіп имаматың қысқа мерзімінде үлкен жұмыстарды атқарды. Имам ғылыми жұмыстармен айналысып, әртүрлі аймақтардағы шиіттермен өкілдері арқылы байланыс орнатты. Жасырын саяси жұмыстары мен шиіттерге қаржылай көмегі имамның басқа амалдарынан болды. Имам Хасан Аскари (ғ.с.) халықтың үміт көңіл күйін нығайтып, халықты перзенті хазірет Мәһдидің (ғ.с.) жасырын кезеңіне дайындады. «Ол жердегі езілгендерге қамқорлық істеуді, оларды бастық жасап, өздерін мұрагер қылуды қалаймыз». («Қасас», 5-ші аят).

Имам Хасан Асқари (ғ.с.) ізгі істер тұрғысынан өз заманындағы адамдардың көшбасшысы болған. «Аль-Фусул әл-Махма» кітабының авторы, тоғызыншы ғасырдағы суннит ғалымы  Ибн Саббағ Малики  имам Хасан Аскари (ғ.с.) туралы: «Оның бойында артықшылық пен ізгілік қасиеттері жиналды. Ол имамдық ұстаным  мен  көшбасшылыққа қажет барлық қадір-қасиеттерге ие болды. Ғылым мен аскетизм тұрғысынан ол ақылдың, кемеңгерліктің, шексіздік пен батылдықтың, жомарттық пен ұлылықтың кемелдігінен және адамды Құдайға жақындататын көптеген іс-әрекеттерімен танымал болды. Жақтастары ғана емес, дұшпандарының өздері имам Хасан Аскариді (ғ.с.) мадақтаған.    

Мотамед Аббаси өз билігі кезінде имам Аскариді (ғ.с.) тұтқындап, имамның жағдайы мен белсенділігі туралы сұрап тұрды. Имам (ғ.с.) өз ұстанымдарына табанды болды. Жалдамалылары имамның күндерін ораза ұстап, түндерін дұға етіп, ғибадатпен өткізгендігі туралы хабарлайтын. Аббаси әулеті үкіметінің қызметшілерінің бірі қамауда имамды көргені туралы: «Ол маған қараған кезде - мен оның аспандық және рухани болмысына қатты қызықтым»,- деген.  Сондықтан,  Мотамед қоғамдық пікірді алдау үшін имамды босату туралы бұйрық шығарды. «Әй мүміндер! Сабыр және намазбенен (Алладан) жәрдем тілеңдер, күдіксіз Алла Тағала сабыр етушілермен бipгe». («Бақара», 153-ші аят).

Имам Хасан Аскари (ғ.с.) қиындықтар кезінде адамдардың қамқоршысы болып, үкіметтің жасаған шектеулер мен кедергілерге қарамастан халықпен байланыс орнатып, адамдардың проблемаларын шешуге талпынды. Әли бен Ибрахим былай деп есіне алатын: «Қаржылық мәселелер өмірімді қиындатып, кедейліктн қалай құтыларымды білмедім. Имам Хасан Аскаридің (ғ.с.) жанашыр адам екенін естіген едім. Ұлыммен бірге имамның үйіне қарай бет алдық. Жол ортасында перзентіме: «Имам маған бес жүз дерхам берсе ғой. Екі жүз дерхамға киім және екі жүз дерхамға ұн сатып аламын және қалғанын басқа қажеттіліктеріме жұмсаймын»,- дедім. Имамның үйіне жетіп, есігін қақтық. Имамның қызметшісі шығып: «Егер Әли бен Ибрахим мен ұлы Мұхаммад болсандар, кіріңдер»,- деді. Таңғалып, имамның үйіне ендік. Имам маған қарап: «Неге осыған дейін көмек сұрап бізге келмедіндер?»- деді. Мен ұялғанымды білдірдім. Имам аздап сөйледі, бірақ ақша туралы сөз болған жоқ. Біз өз қажеттіліктеріміз бен ақша туралы ештеңе айтпадық, имамның қасынан кеттік. Имамның қызметшісі бізді есікке дейін шығарып салып, екі қалта беріп: «Мыңа қалтада бес жүз дерхам. Бұл сен үшін Әли бен Ибрахим, күнделікті қажеттліктерінді қамтамасыз етуіне. Екінші қалтада үш жүз дерхам. Бұл ұлың Мұхаммал үшін, бұл ақшамен ат пен киім және дастарханға қажет нәрсенді сатып ал»,- деді. Біз ақшаны алып, қызметшімен қоштасып, имамның үйінен алыстадық».

Имам Аскари (ғ.с.) хазірет Мұхаммадтың (с.ғ.с.) пәк Исламының ілімдерін тарату  үшін күш-жігерін аямады және осыған байланысты ол қоғамдық пікірді ағартумен қатар, көрнекті тұлғаларды тәрбиеледі.   28 жыл өмір сүргеннен кейін, халифа берген удың салдарынан хижраның 260 жылы шәһид болды.                                                                                                                                                           

Әлемнің барша мұсылмандарын имам Хасан Аскаридің (ғ.с.) туған күнімен құттықтаймыз!

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            

 .

 

 

Тегтер