Қаң 16, 2021 19:57 Asia/Almaty
  • Хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) шәһид болған күні

Хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) шәһид болған күніне байланысты әлем мұсылмандарына көңіл айтамыз.

Табағы толып, жарқырап тұрған айды көрдіңіз бе...  Күн өткен сайын үсті жабылып, оның жартысы ғана көрінеді. Уақыт өте келе ол өзінің әдемі бет-әлпетін көрсетпейтін болады. Алла елшісінің сүйікті қызы ай сынды. Әкесі хазірет Мұхаммад (с.ғ.с.) дүниеден озғаннан кейін хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) өміріндегі ең үлкен оқиғалармен бетпе-бет келді. Халық немқұрайдылық танытып, Пайғамбардың (с.ғ.с.): «Мені басшысы санайтын кез келген адам үшін, менен кейін Әли (ғ.с.) - басшысы»,- деген сөзін ұмыттты.

Алла елшісі қайтыс болған соң түндердің бірінде бірқатар адам хазірет Әлиден (ғ.с.) семсердің күшімен хазерттен жаңадан сайланған халифа үшін бият алу үшін хазіреттің үйін басып кірді. Олар үйдің есігін өртеп, зорлық-зомбылық көрсетіп, оны ашты. Есіктің артында хазірет Фатима (ғ.с.) тұрып, олардың үйге кірулерінің алдын алмақ болды. Пайғамбар (с.ғ.с.) «Фатима менің бір бөлігім, оны қорлаған адам – мені қорлағаны» деп айтқан, олай болса  Алла елшісінің дүниеден озуынан көп уақыт өтпей-ақ неге набаваттың гүлі есіктің артында қалып, сондай соққы көретіндей әрекет жасалды? Шеге денесіне қадалып, құрсағындағы баладан айырлды, денесі зақымдалды. Бірақ хазірет Фатима (ғ.с.) Әлидің (ғ.с.) велаятын қорғап, қарсыласып, жұбайын семсердің күшімен алып кетуге рұқсат етпеді. Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) бос отырмай, мешітке барып, сөзін айтты. Халықты тақуалыққа жән Исламның ұлық пайғамбарының ақыл-кеңестерін орындауға шақырып, Ғадир Хом оқиғасын естеріне салды.  Сол кезде бір күрсінді, бірақ ешкімге лағнет айтпады.

Бұл ащы оқиғадан кейін илаһи періштелерді танитын 18 жастағы хазірет Фатима (ғ.с.) көптеген жарақаттары және уайым-қайғыға толы жүрегімен төсек тартып жатып қалады. Ол өмірінің соңғы сағаттарында хазірет Әлиге (ғ.с.): «Уа, көкемнің перзенті! Сен еш уақытта менің өтірік айтқанымды немесе қиянат жасағанымды көрмедін, мен де еш уақытта өзіне қарсылық білдірмедім»,- деді. Кеудесінде Фатимаға (ғ.с.) деген махаббаты лаулаған, бірақ  өмірлік серігінің соңғы сәттерін көріп тұрған Әли (ғ.с.): «Алланы пана тұтамын, сен данасын, имандылау және мейірімділеусін. Өзіңнен алыстау маған зиян келтіреді. Алламен ант етемін, Пайғамбардан (ғ.с.) айырылған кездегі уайым-қайғы маған қайта оралады»,- деді.

 

Бұл жәннәт қызының иісі хазірет Әлидің (ғ.с.) кішкентай үйінің кеңістігінде таралды. Имам Әли (ғ.с.) мен хазірет Фатиманың отбасында имам Хасан (ғ.с.) мен имам Хұсейн, хазірет Зейнаб пен Умма Күльсім дүниеге келді.  Хазірет Фатима (ғ.с.) мен имам Әлидің (ғ.с.) қарапайым және ластықтардан таза үйінде Алланың хош әтірі сезілді. Махаббат пен мейірім билеп, барлық іс-қимылдар құрмет көрсетуге негізделді. Бұл отбасы мүшелерінің жүректері Алланың нұрына бөленіп, барлықтары тек бір Аллаға құлшылық етті. Олардың аяқ астына төсегені тері болып, түнде соңың үстіне ұйықтайтын және олар өте қарапайым  тамақтанатын.

Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) аналық махаббат пен жұбайлық тыныштықтын көрінісі болды. Үмбет Пайғамбарының (с.ғ.с.) қызы болған бұл бану бүкіл амалдарында қарапайымдылық пен кішіпейділік және ұят байқалды. Фатима (ғ.с.) пісірген нанның иісі бүкіл үйге таралып, мұқтаджар да одан ауыз тиетін. Үйі сондай қарапайым болғандықтан ең кедей адамдардың жүрегін тербеді. Хазірет Фатима (ғ.с.( мен хазірет Әлидің (ғ.с.) жүрегі мұхиттай кең болып, еш уақытта сұраныстары мен қажеттіліктерін айтуға ұялмаған.  

Рауаяттар мен құжаттарға сәйкес хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) шынайы қадір-қасиеті Аллаға құлшылық етуінде болды.  Ол уаһи отбасынла тәрбиеленіп, бүкіл болмысында, кез келген жасушасында Аллаға деген махаббаты сезілді.  Алла елшісі Фатиманың (ғ.с.) сопылығы мен ғибадаты туралы Салманға: «Уа, Салман! Қызым, Фатиманың иманы бүкіл болмысына терең сініп, ол Аллаға ғибадат ету үшін өзін бүкіл нәрседен алыстатты»,- деп айтқан болатын. Хазірет Фатима (ғ.с.) ғибадат жасаған кезде, тынысы тоқтап қалатындай болатын. Имам Хасан Моджтаба (ғ.с.): «Анамның жұма түні михрабта ғиабадат жасап,  рукуһ пен сәждесін тоқтатпай таңды атырғанын көрдім»,- деп есіне алатын. Хазірет Фатима (ғ.с.) аналық және жұбайлық міндетіме бірге ғиабад жасау және алламен сырласу үін уақыт бөлетін. Рауаяттарда Алла елшісі дүниеден озғаннан кейін Алланың періштесі Жебрейіл Фатиманың (ғ.с.) қасына келіп, оған көңіл айтты, сондай-ақ келешегі турады хабарлды. Хазірет Фатима (ғ.с.) Жебрейіл айтқан хабарларды Әлиге (ғ.с.) айтып, хазірет Әли (ғ.с.) оларды жазып отырды. Бұл кітап тек пәк имадардың (ғ.с.) қолында болды және ол осы кезде хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) ұрпағынан шыққан соңғы имам - хазірет Мәһдидің (ғ.с.) қолында.

Алла елшісі (с.ғ.с.) хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) ерекшеліктеріне тоқталып: «Қызым, Фатима әлемнің жаратылысынан соңына дейінгі  әйелдерінің көшбасшысы. Ол менің бір бөлігім, жанарымның нұры, жүрегімнің жемісі, рухы және жаным, адамның түрінде келген хор қызы. Алланың алдында ғибадат миһрабында тұрған кезде, жұлдыздардың жарығы жердегілерге жеткендей, оның нұры аспандағы періштелерге жететін және Алла Тағала періштелеріне: «Уа, періштелерім, менің алдымда тұрып, шын жүрегінен ғибадат жасап жатқан әлемдегі әйелдердің көшбасшысы Фатиманы (ғ.с.) көріңдер. Сіздерге уәде беремін, жақтастарын тозақ отынан аман алып қаламын»,- деген.

Рауаяттардің бірінде былай деп айтылды: «Күндердің бірінде Пайғамбар (с.ғ.с.) көзі көрмейтін адаммен Фатиманың (ғ.с.) үйіне келіп, кіруге рұқсат сұрайды. Фатима (ғ.с.) әкесіне: «Рұқсат етіңіз, киініп алайын»,- деді. Пайғамбар: «Қызым, бұл адамның көзі көрмейді»,- деді. Фатима (ғ.с.): «Әекжан, мені оны көремін ғой»,- деп жауап берді. Алайда басқа жақтан дәл осы Фатима (ғ.с.)велаятты және дінді бұрмалануынан қорғау үшін қоғамның саяси сахнасына шығып, сөз сөйлеп, өз ақыл-кеңестерімен халықты оларды құтқаратын жолға нұсқады.  Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) әйелдің өзіне лайық бүкіл ерекшеліктерімен құлшылық ету мен отбасы және саяси өмірге ең жақсы түрде қатыса алатынын көрсетті.

Хазірет Фатима-Заһра (ғ.с.) имам Әлиге (ғ.с.): «Маған түнделетіп ғұсл құйып, түнде жерлеңдер»,- деп айтқан болатын. Имам Әли (ғ.с.) сұрағанын орындап, ақырын жыдап тұрған Хасан (ғ.с.) мен Хұсейн (ғ.с.)  және алаңдағаны байқалған бес жастағы Зейнабымен (ғ.с.) ғұсл құйып, санаулы серіктерімен түннің ортасында  хазірет Фатима-Заһраны (ғ.с.) жерледі. Хазірет Фатиманың (ғ.с.) қабірі Медина қаласында белгісіз қалды.

Исламның ұлық пайғамбарының сүйікті қызы хазірет Фатима-Заһраның (ғ.с.) шәһид болған күні әлемнің барша мұсылмандарына көңіл айтамыз.

 

 

 

Тегтер