Шіл 06, 2021 16:35 Asia/Almaty

БҰҰ-ның жақында жариялаған жаңалықтары Йемендегі езілгендердің жүректерінде тағы бір жара қалдырды.

БҰҰ-ның жақында жариялаған жаңалықтары Йемендегі езілгендердің жүректерінде тағы бір жара қалдырды. Әлемнің түпкір-түпкірінде йемендік әйелдер мен балалардың саудиялық истребительдердің бомбалаған үйлерінің қирауларының  астында жерленуі, йемендік балалардың өлімі мен Йеменнің қоршауға алынуы туралы видеолар жарияланып жатқан жағдайда БҰҰ шапқыншы коалицияны айыптаудың орнына 2021 жылы 18 маусымында йемендік «Ансаролланы» балалар құқығын бұзушылар топтардың тізіміне қосты. Сауд Арабиясының әскери қақтығыстар аймақтарында балалардың құқықтарын бұзатын ең жаман елдер тізімінен алынып тасталуы, сондай-ақ Рияд бастаған коалиция мүшелерінің БҰҰ-ның қара тізімінен шығарылуы, әлемнің түпкір-түпкірінде БҰҰ-на қатысты өткір сындар толқынын тудырды.

Йемен соғысы

Йеменнің Денсаулық сақтау және халық министрі Таха әл-Мотавакил: «Шапқыншы коалиция 3 мыңнан астам йемендік баланы өлтіріп, 4 мыңнан астам адамды жарақаттады. ЮНИСЕФ азық-түлік тапшылығынан зардап шегіп отырған 400000-нан астам йемендік балаға   және оның ішінде өлім қаупімен бетпе-бет келіп отырған  80000 балаға қолдау көрсетуді тоқтатты. Елдің солтүстігіндегі Саадада тұратын балалардың көбі Сауд Арабиясының  коалициясының шабуылдарынан кейін генетикалық ауруға шалдықты. Саададағы кейбір балалар емделу мүмкіндіктен айырылған. Сонымен бірге халықаралық ұйымдардың Саадаға жабдықтарды кіргізбеу де   балалардың өліміне әкелуде. Жүздеген йемендік бала БҰҰ-ның өз міндетін орындамауынан өлімге ұшырауда»,- деді.  Бала құқықтары туралы конвенция олардың құқықтары мен денсаулығын тануға жаңа мүмкіндік берді және адам құқығының ең қолайлы құралы болып саналды. Бірқатар балалар мектепте оқудың орнына көшеде, шеберханада және фермаларда жұмыс істейді.

БҰҰ 2016 жылы 2 маусымда мәлімдеме жасап,  Сауд Арабиясы мен оның одақтастарының Йеменге қарсы коалициясын «Йемендік балалардың құқыларын бұзушылар» тізіміне тіркеді және бұл коалицияны йемендік балалардың 60 пайызының өліміне кінәлі деп жариялады. Бірақ БҰҰ-ның Сауд коалициясының қылмыстарын сынауы ұзаққа созылмады. Бір апта өткен соң, 9 маусымда, БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун Сауд Арабиясын «Йемендік балалардың құқыларын бұзушылар» тізімінен алып тастады. Саудиялықтар біздің   Эр-Риядты тізімнен шығармаса, БҰҰ-на қосатын қаржылық салымдарың төлемейді деп қорқытты.

Сол кезде Йеменнің балаларының бірі БҰҰ Бас хатшысына хат жолдап: «Өсіп, мектепті аяқтағаннан кейін мен БҰҰ-ның бас хатшысы боламын және Сауд Арабиясын айыптаймын, себебі ол мектепте менің қасымда отырған Ахмед досымды өлтірді. Егер олар мені қорқытса, мен олардан қорықпаймын, өйткені мен сол кезде үлкейемін. Мен өз атымды жазбаймын, өйткені Сауд Арабиясы мені өлтіреді және мен өлгім келмейді»,- деп жазды. Қазіргі кезде мыңдаған йемендік балалар Сананың  Сабаин алаңында жиналып, Ансаролланың баланың құқыларын бұзушылардың тізімге енгізілуіне қарсы наразылық білдірді. Олар: «Кімнің адам өлтіруші екенін білеміз. БҰҰ Бас хатшысы олардың негізгі серіктесі»,- деп мәлімдеді. 

Бүгін біз йемендік балаларды жаппай өлтірудің ғана емес, сонымен қатар ішкі және халықаралық қақтығыстарда олардың құқықтарының кеңінен бұзылуының куәсі болып отырмыз. Сирия, Йемен және Палестина қазір балалардың құрбан болатын жеріне   айналды. Үкіметтердің міндеттемелері, балалардың құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық шарттар мен гуманитарлық ұйымдардың рөлі туралы ойлану керек.  Йемен халқы әл-Сауд агрессиясының жалғыз құрбаны емес.

БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш 2019 жылдың маусым айында Қауіпсіздік Кеңесінде саудиялықтардың шабуылдары кезінде Йемендегі бейбіт тұрғындар арасындағы шығындардың жартысы балалар екенін мәлімдеді. Йемендік соғыста ата-аналары қаза тапқаннан кейін он мыңдаған йемендік балалар жетім қалды, мыңдаған йемендік балалар шетелге емделуге жіберілуі керек, бірақ бұл олар үшін мүмкін емес. Басқа жағынан жүз мыңдаған йемендік балалар Сауд Арабиясының бомбалауы кезінде мектептері қирағаннан кейін білім алу мүмкіндіктен айырылды, үйлерінен және қалаларынан кетуге мәжбүр болып, лагерьлерге қоныстанды. БҰҰ-ның қарамағындағы ұйымдар, соның ішінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау және ЮНИСЕФ, бірлескен мәлімдеме жасап, Йеменнің бес жасқа дейінгі балаларының жартысы 2021 жылға қарай тамақтанудан зардап шегетінін ескертті. Сондай-ақ, басқыншылардың Йеменге үздіксіз шабуылдарының нәтижесінде бұл елдің халқы ашаршылық пен соңғы ғасырда бұрын-соңды болып көрмеген адамзат апатына тап болды.   БҰҰ Сауд Арабиясының қылмыстары үшін қауіпсіз аймақ құрды және Сауд Арабиясы осы қолдаудың қолдауымен және халықаралық қауымдастық алдында жауап беруден қорықпай өз қылмыстарына одан да қорқынышты өлшем берді. БҰҰ-ның балалар құқығын бұзушыларға қарсы дүр сілкіндіретін әрекеті және сионистік режиммен және Сауд Арабиясымен саяси қақтығыстары оның бейтараптылығына кепілдік жоқтығын көрсетеді және Батыстың қолдауы арқасында оның халықаралық институттары адам құқықтарын алғашқылардың бірі болып бұзады.

 

Тегтер