Шіл 25, 2021 21:00 Asia/Almaty
  • Имам Хади (ғ.с.) - ұрпақтарға жол көрсетуші

Хиджра-қамари күнтізбесінің 212 жылының зулхадже айының 15 жұлдызының таңында көкжиектен тағы бір жұлдыз көтеріліп, адамзат әлемін нұрландырды.

 

Хиджра-қамари күнтізбесінің 212 жылының зулхадже айының 15 жұлдызының таңында көкжиектен тағы бір жұлдыз көтеріліп, адамзат әлемін нұрландырды. Бұл күні  Мұхаммадтың (с.ғ.с.) әулетінен шыққан пәк перзент дүниеге келіп, тарихтың бет-бейнесін өзгертті. Бұл Исламның туын алған әкесі имам Джавадтан (ғ.с.)  кейінгі Алланың оныншы дәлелі болды. Имам Әли Нақи (ғ.с.) - дүниеге келуімен Сауд Арабиясының құрғақ және қайғылы шөлін жарығы және шаттығымен жадандырған әлем мұсылмандарының оныншы көшбасшысы. Алланың таңдаулысы Мединеде дүниеге келді.  

Шиіттер имамдарының (ғ.с.) айқын ерекшелігі - қоғамды ағарту және құтқару мен бақытқа жетелейтін жолға бағыттау. Әкесі шәһид болғаннан кейін имам Хади (ғ.с.) 8 жасында имаматтық миссиясын қабылдады және оның имаматтық кезеңі алты аббасид халифасының халифатымен тұспа-тұс келді. Бұл халифалардың әрқайсысы имам Хадиге (ғ.с.) азап-қорлық көрсетті. Бірақ олардың ішінде Мотавакел набават әулетіне басқалардан көбірек қысым көрсетті.  Не дегенімен  Бани Аббастың барлық ауыртпалықтары мен қатаңдықтары имамның өзінің монотеистік миссиясынан және маңызды басшылық миссиясынан бір сәтке болса да бас тартуына себеп болған жоқ.

Хади «хедаят» (дұрыс жолға нұсқау) деген сөзден және «хедаят» деген сөз үшін екі мағна берілген, біріншіден жолды көрсету және екіншіден мақсатқа жеткізу. Осыған орай Хади бастысы мақсатты жақсы білетін және екіншіден жолды жақсы білетін, үшіншіден жолды іздеген адам дұрыс жаққа қарай нұсқалады. Бұл ерекшеліктер шиіттердің оныншы имамына тән. Өйткені ол әлемнің жаратылуының мақсаты  мен бақыт пен кемелдікке жетудін жолын жақсы білді. Имам Хади (ғ.с.) өзінің 34 жылдық имаматтық және басшылық кезінде өте қиын жағдайлармен бетпе-бет келуіне қарамастан жарқыраған күн сынды үмбетті жарық жолға жетеледі.

Имам Әли Нақи (ғ.с.) жарық пен жылуды  мұсылмандардың ғана жүректеріне емес, бүкіл жаратылысқа сыйлады.  Шиіттер мен  имамның ізбасарлары ғана емес, сонымен қатар барлық діндер мен мазхабтардың ғалымдары хазіреттің жоғары ғылыми деңгейін және жеке ұстанымдарын мойындауға мәжбүр болды. Имам Хади (ғ.с.) исламның нұрлы бейнесін таныстыруға және қоғамда орын алған ауытқушылықты әшкерелеуге көп күш жұмсады. Хазірет ақылмен және қисынмен бұрмаланған пікірлерге қарсы күресті. Пікірсайыстарға қатысу имам Хадидің (ғ.с.) Ислам шындықтарымен таныстыру әдістерінің бір бөлігі болды. 

Имам Әли Нақи (ғ.с.) Самера қаласында жиырма жылдай өмір сүрген және Аббасидің озбыр билеушілерінің ең қатаң бақылауында  адамдарды дұрыс жолға нұсқау үшін ізбасарларымен бетпе-бет кездесу мен жасырын байланыстар орнату, негізгі шиіт орталықтарын нығайту, ауытқуларға қарсы тұру және заңгерлерге сілтеме жасау сынды жұмыстар жасады. Тарихи деректер бойынша,  имам Хадидің (ғ.с.) қоғамды басқарудағы маңызды шешуші рөлі ғылыми орталықтарды нығайту болды. Ол дарын адамдарды анықтап, қызықтырып, оларды білімнің жарық жоланы қарай бағыттады. Билік басындағылардың қысымы білім алғысы келгендерге  кедергі болғанымен, олар кез-келген жолмен имамға жетіп, мүмкіндігінше хазіреттің шексіз білім мұхитынан пайдаланды. Имам Хадидың (ғ.с.)  әйгілі шәкірттерінің саны 185-ке жетті, олардың барлығы өз заманының ғалымдары   болып саналды. Имам Хади (ғ.с.) мектебінде Абдул Азим Хасани және Ибн Секит Ахвази сияқты тұлғалар жарқырады.

Имам Хади (ғ.с.) дәуірінде жаңа теологиялық ойлар мен бұрмаланған нанымдардың таралуы әртүрлі орынсыз ой-пікірлердің таралуына әкелді. Мұндай жағдайда, егер имам Хадидің (ғ.с.) ақылды шаралары мен саясаты болмағанда, исламның негізгі сенімдеріне үлкен қауіп төніп, бедғат пен діндегі ауытқулар пайда болар еді. Имам Хади (ғ.с.) өз ізбасарлары үшін ислам мектебінің шынайы жолын көрсетті. Хазірет ізбасарларының ақыл-ойын ағарту үшін: «Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. Алла бізді осы күнгі азғырулардан сақтайды және бізге ең үлкен мейірімділік сыйлады. Олай болмағанда, ешкімге қирау мен қасіреттен басқа ештеңе келмейді. Құран - Алла Тағаланың сөзі. Алла Тағала Құранды белгілі бір уақыт пен белгілі бір адамдарға жаратқан жоқ. Құран өзгермейді, кез-келген уақытта және кез-келген халық үшін жаңа. Алла Тағала барлығымызды келесі аятта сипатталған адамдардың қатарына қосады: «Олар Раббыларын көрмей-ақ қорқып әрі олар, қияметтен үрейленеді». («Әнбия» сүресі, 49-шы аят).Имам Хади (ғ.с.) әрдайым жарқыраған күн сияқты нұрын шашып, бұл нұрға бөленген кез келген адам міндетті түрде дұрыс жолға нұсқалып, бақытны қарай қадам басатын және ғаламның мөлдір бұлақтарынан ләззат алатын. Бірақ егер жеке адам немесе адамдар бұл энергия, жарық және өмір қайнарынан өз еркімен бас тартса, жойылатын.

Әлемнің барша мұсылмандарын имам Хадидің (ғ.с.) туған күнімен құттықтаймыз!

 

Тегтер