Шіл 31, 2021 04:01 Asia/Almaty
  • Имам Мұса Каземнің (ғ.с.) туған күні

Зильхадже айының 20 жұлдызы Исламның ұлық пайғамбарынан шыққан имам Мұса Каземнің (ғ.с.) туған күні.

 

Исламның ұлық пайғамбарының әулетінің рөлі – халықты дұрыс жолға нұсқау және ең жақсы түрде басқару. Имамдар (ғ.с.)  күнә мен ластықтан аулақ болып, бақытты өмірлік жолды кешіп, осы себепті  мөлдір бұлақтар сынды адалдықты көрсетеді. Олар ізбасарларын нәпсіқұмарлықтан құтқарып, жарық пен ағартушылыққа жол сілтейді. Олар арқылы білім мен ақлақ таралып, Аллаға жеткізетін есіктер мен жолдар ашылады. Бұл асыл тұлғалардың құт-берекелі дүниеге келуі  адамзат әлеміндегі жарықтың таралуы мен құтқарылуға себеп болады.

 

Бүгін Исламның ұлық пайғамбары хазірет Мұхаммад-Мұстафаның  (с.ғ.с.) ұрпағының бірі, жол көрсетуші шамшырақ пен білім қоры және Алланың таңдаулысы имам Мұса Каземнің (ғ.с.) туған күні. Әкесі имам Садық (ғ.с.) перзенті туралы: «Менің ұлым Мұсаның ғылыми тұрғыдан дайын болғаны соншалық, егер сіз одан Құранның барлық ілімдері туралы сұрасаңыз, ол сізге жеткілікті білімімен берік және сенімді жауап береді, ол - даналықтың, түсініктің, білім мен ойдың орталығы»,- деген.  

Тарихи деректерге сәйкес, имам ғылыми келіссөздерге қатысуы және басқа діндердің ғалымдарымен пікірсайыстар өткізуі арқылы оларды исламды қабылдауға жігерлендірді. Ибн Ашуб былай деп айтқан: «Мұса бен Джафар (ғ.с.) үкіметтен қашып, белгісіз адам түрінде Шамның ауылдарының біріне барып,  монах жылына бір күн өз ізбасарларына уағыз айтатын үңгірге жетті. Монахтың көззі Мұса бен Джафарға (ғ.с.) түсіп,  имамның (ғ.с.) даңқын көреді. Монах: «Сіз бөтен жерденсіз бе?»- деп сұрады. Имам мақұлдады. Монах: «Біздің халқымыздансыз ба әлде жоқ па?»- деп сұрақ қоюды жалғастырды. Имам: «Сіздің халықтан емеспін»,- деп жауап берді.

  • Мұхаммад (с.ғ.с.) үмбетіненсіз бе?
  • Иә.
  • Олардың надандарынан әлде даналарынансын ба?
  • Надандардан емеспін.
  • Туба ағашының тамыры Әлидің (ғ.с.) үйінде және сенің ойыңша Мұхаммад пайғамбардың (с.ғ.с.) үйінде, ал бұтақтары барлық үйлерде екені қалай?  
  • Бұл өзі аспанда, бірақ жарығы барлық жерге жететін күн сияқты.
  • Қалайша жұмақтар жұмақтың жемістері мен тағамдарынан жегенімен, олар азаймайды және таусылмайды?
  • Басқа шырақтарды жаққанмен жарығы азаймайтын шырақ сынды.
  • Аспанда кең көлеңкелер бар ма?
  • Күн шыққанға дейін барлық аспан кең көлеңкеде,  Құранның «Раббыңның көлеңкені қалай ұзартқанын көрмедің бе?» деген аятында оған сілтеме жасалған.
  • Қалайша жәннат адамдарында бұйырмай, қалағандарын әкеліп беретін қызметшлері бар?
  • Адамға бірдеңе қажет болған кезде, оның ағзалары тапсырыс берместен бұрын әрекет етіп, қалауын орындайды.
  • Жәннәттің кілті күміс пе әлде алтын ба?
  • Жұмақтың кілті - «Алладан басқа Құдай жоқ» дейтін адамның тілі.

Монах имамды (ғ.с.) және Алланы тану арқылы барлық серіктерімен бірге мұсылман болды.

 

Имам Мұса бен Джафар (ғ.с.) - «Казем» және «Баб әл-Хаваедж» деген лақаб аттарымен танымал болған шиіттердің жетінші имамы.

Ол  қамаридің 128 жылы, билік  омеядтардан аббасидтерге ауысуымен бір мезгілде дүниеге келді және 148 жылы әкесі имам Садеқ (ғ.с.) шәһид болғаннан кейін имамтты өз міндетіне алды. Хазіреттің 35 жылдық имаматы кезеңі Мансур, Хади, Мәһди және Харун Аббаси халифатымен сәйкес келді. Имам Мұса бен Джафардың (ғ.с.) 35 жылдық имаматы кезеңі, яғни қамаридің 148-183 ж.ж.  -  имамның өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі.  Аббаси әулетінің ең күшті екі басшысы - Мансур мен Харун - және солардың ең қатігездері - Мәһди мен Хади - сол кезде билік жүргізді. Хорасанда, Мосул аралында, Дейлман мен Джорджанда, Шам, Насибинде, Мысыр, Әзірбайжан мен Арменияда көптеген көтерілістер, бүліктер мен көтерілісшілер басылып-жаншылды. Ислам аймағының шығысы, батысы және солтүстігіндеге жаңа жеңістері мен мол олжалар   Аббасидтер тағының қуаты мен күшін арттырды.  Поэзия, өнер, фиқһ және хадис билікке қызмет етіп, олардың күш құралдарын толықтырды. Бұл кезеңде Әһле әл-Бейттің (ғ.с.) мен олардың адал серіктерінің күресі мен зияткерлік және саяси қозғалысының өсуіне және жалғасуына мүмкіндік берген жалғыз нәрсе – имам Мұса Каземнің (ғ.с.) қажымас күш-жігері мен жиһады. Осы жағдайда Мұса бен Джафардың (ғ.с.) жиһадының   ұлылығы әшкереленді.

Ислам мәдениетінде таухидті қабылдау діннің орнауымен байланысты. Сондықтан, діни әулиелердің өмірін зерттей отырып, олардың басты мақсаты дінді басқару және әділеттілікке жету екенін көреміз. Құранда «Расында елшілерімізді ашық мұғжизаларымызбен жібердік. Және елшілермен бірге адам баласының әділ тұруы үшін Кітапты, мизанды (әр нәрсенің өлшеуін) жібердік..» деп айтылды. Илаһи діндердің ұлы мақсаты - илаһи әділдік пен егемендік үшін көтерілу. Тиісінше, имам Мұса бен Джафардың (ғ.с.) өміріндегі көптеген назар аударарлық, мағыналы және кейде қарама-қайшы оқиғалар біз хазіреттің имаматының басынан бастап оның шәһид болған сәтіне дейінгі  кезеңді түсінген кезде мәнді болады.  Бұл имамдардың (ғ.с.) 250 жылдық кезеңінде және әртүрлі формаларында жалғасқан жиһад пен күрестің бір бағыты. Оның мақсаты, біріншіден, таза Исламды мен Құранды дұрыс түсіндіру және исламдық білімнің нақты көрінісін ұсыну. Екіншіден, исламдық қоғамдағы имамдық пен саяси егемендік мәселесін түсіндіру, басқа жағынан, сол қоғамды құру және исламның ардақты пайғамбары (с.ғ.с.) мен барлық пайғамбарлардың мақсатына жету үшін күш салу.  Имам Казем (ғ.с.) ашық күрес жүргізген жоқ, ол шиіттермен байланыс орнату үшін ақпараттық-насихаттық ұйымды кеңейтіп, адамдарды уәкілі етіп тағайындады.  Бірақ имамның шешуші әрекеттеріне қарап, Харун Аббасидің қарама-қайшы әрекетінің себебі мен оның қорқынышын түсінуге болады. Кейде қажылық кезінде ол имамды (ғ.с.) жоғары дәрежеде дәріптейтін, ал тағы бір сапарында түрмеге қамауға және жер аударылуға бұйрық беретін. Кейде ол жұмсақтық пен кешірімділік әдісін қолданып, алавиттерді түрмеден босатты. Бірнеше жылдан кейін, баяғы нәзік халифаның әрекеттері соншалықты зорлық-зомбылыққа ие болып, имам Каземді (ғ.с.) түрмеге жапты.  Имам Каземнің (ғ.с.) Харун Рашидке қарсы тұруы басқалардың хабардар болуына  әкеліп, сүнниттердің әйгілі ғұламасы имам Шафииді заманының халифасына қарсы тұрып, билікке қарсы шыққаны үшін түрмеге түсуіне себеп болды.

 

Тегтер