Қаз 17, 2021 02:45 Asia/Almaty
  • Иран: Гүлістан ұлттық саябағы (129)

Гүлістан ұлттық саябағы немесе Гүлістан орманы – Солтүстік Хорасан облысының батысында, Гүлістан облысының шығысында орналасқан қорық.

Бұл қорық – жабайы жануарлар дүниесіне қолайлы жер. Осы күнге дейін өсімдіктің 1365 түрі, сүтқоректілердің 69 түрі, құстардың 150 түрі, қосмекенділердің 3 түрі, жорғалаушылардың 24 түрі анықталды. Ирандағы сүтқоректілердің жартысы шамамен 900  шаршы шақырым аумақта тіршілік етеді. Сол себепті ЮНЕСКО тарапынан Жер планетасының биосферасын сақтайтын жер ретінде әлемдік мұра тізіміне тіркелген.

Гүлістан орманы  
Гүлістан ұлттық саябағы өте ылғалды аудандардан бастап шөлейт жерлерге дейінгі аумақты қамтиды.
Солтүстік Хорасан облысының басты жолдары осы орманнан өтеді.
Гүлістан ұлттық саябағы төрт мезгілде де көптеген табиғи тартымдылықтарға ие.
Саябақтың ауданы шамамен 92 мың га.
Гүлістан орманының күзгі көрінісі
Саябақтың негізгі өсімдіктері түрлі климатқа байланысты әралуан.
Гүлістан ұлттық саябағында өсімдіктің 1365 түрі бар.
Ирандағы жалпы өсімдіктер жамылғысының жетіден бірі, құстардың үштен бірі, сүтқоректілердің жартысы осы саябақта тіршілік етеді.
Бұл саябақта жануарлардың сирек кездесетін түрлері тіршілік етеді.
Саябақтағы ірі жануарлар – қабылан, аю, марал, жабайы ешкі және қабан..
Осы күнге дейін сүтқоректілердің 69 түрі, құстардың 150 түрі, қосмекенділердің 3 түрі, жорғалаушылардың 24 түрі анықталды.
Гүлістан орманы – жануарлардың тіршілігіне қолайлы жер.   
Қорықта өте әдемі құстар тіршілік етеді.
Саябақта қозықұмай, бүркіт, орман кептері және тоқылдақтың түр-түрі бар.  

 

Тегтер