Қар 22, 2021 15:37 Asia/Almaty
  • Ауғанстандағы салафизмнің тамыры (2)

Ауған халқының уаһабилік көзқараспен танысуының жүз жылға жуық тарихы бар.

 

ДАИШ-тың Ауғанстандағы соңғы шабуылдары жүздеген жазықсыз адамдардың өмірін қиып қана қоймай, Ауғанстанның қазіргі билігіне де қиындық туғызды.

Ауғандықтардың басым бөлігі ханафи және суннит мазхабының мұсылмандары. Ауғанстанның сүнниттік жамағаты толығымен ханафилік және айтарлықтай көпшілікті құрайды. Бірақ егер Ауғанстанның сүнниттерін жүз пайыз деп есептейтін болсақ, кейбір адамдар жалпы ханафилік сенімге қайшы, салафизмге қарай бейімделген.

Ауғанстан дәстүрлі түрде Самарқанд мектебіне жатады. Самарқанд мектебі қалыпты және мәдениетті, артықшылығы жоқ мектеп болып саналады. Университет профессоры және зерттеуші Әли Амири: «Ауғанстан дәстүрлі түрде Самарқанд мектебіне жатады, бірақ кейін Орталық Азиядағы Самарқанд мектебінде «Тахауия» деп аталатын экстремистік ағым пайда болды. Наным-сенім мен теологиялық мәселелер тұрғысынан бұл тенденция Ауғанстанның діни орталарында басым, бірақ бұл тенденция деобандта тамыры жоқ,  оның тамыры Самарқанд мектебінің кейінгі оқуы болып табылады»,- деді.

Экстремистік ұстанымдар жүз жылдан астам уақытқа бұрын айтылып, Ауғанстанға шамамен жүз жыл бұрын салафизм мен ваххабизм теориялары тарады. Уахабизм мен салафизмнің тарихы бұл ағымның кедей аймақтарда кеңінен таралып, танымал болғанын көрсетеді. Ауған халқының уаһабилік көзқараспен танысуының жүз жылға жуық тарихы бар және шейх Шари Сауд Арабиясының Мәдина қаласынан Орталық Азиядағы Ферғана алқабына барып, жергілікті халық арасында салафизм мен ваххабизмді насихаттауға кіріскен 1912 жылдан басталады. Шейх Мұхаммад Шари өз жақтастарын тауып, кейінірек Ауғанстанның Бадахшан, Кунар, Хост және Нуристан тайпалық аймақтарына да оның жақтастары кірді. Бұл таулы аймақтар сол кезде Ауғанстан билеушілері мен британдық отаршыл держава арасындағы тартыс болған Үндістан субконтинентімен шектеседі.

Моллазехи мырза сенім саласындағы маман былай деді: «Салафилік-уахабилік ойды ұстанған шейх Мұхаммад Шаридің ізбасарлары  кейбір адамдарды өзіне тартып, шағын ваххабилік әмірлік құра алды. Мұндай кем дегенде үш әмірлік Бадахшандағы Арго ауданында, Нуристандағы Берг Маттел және Кунардағы кішігірім эмират деп аталды. Бұл жерлерде Ислам ережелері мен мәселелерін уахабизмге сай жүзеге асыруға күш салынды. Бұл шағын әмірліктер 1950 жылдардан бері бар, бірақ бұл таулы және оқшауланған аудандар халық орталықтарынан алыс болғандықтан, олар ешқашан өз шекараларынан кеңейе алатын деңгейде болмады. Кеңес Одағы Ауғанстанды басып алғаннан кейін және жиһад құрылғаннан кейін Пәкістан мен Ауғанстанның тайпалық аймақтарына ваххабилік және салафилік ағымдардағы жиһадшылар еріктілері кірді. Бұл кішігірім уаһаби әмірліктері салафилік-уаххаби-жиһадшылық ағымы басым болған кезде   олардың ізі де қалмады».

1978 жылы 27 мамырдағы коммунистік төңкеріске дейін Ауғанстанда ваххабизм теориясы болды және адамдар ваххабизммен біршама таныс болды. Бірақ олардың кейбір діни әдет-ғұрыптары ханафилерден өзгеше болғандықтан, адамдар оларды жек көріп, халық арасында орынсыз қалды. Сол кездегі сарапшылар   кейбір аймақтарда уахабшылар болғанын мәлімдедйді. Бірақ олардың діни әдет-ғұрыптарының ханафилер мен он екі имамдарды (ғ.с.) қабылдайтындардың діни амалдарынан өзгеше болуына байланысты адамдар оларға  бейім болмаған. Намазда олар қолдарын кеуделеріне, ал имам Әбу Ханифаның жақтаушылары қолдарын кіндік астына немесе кіндікке қойған. Олар намазда «әмин» деген  сөзді дауыстап, ал ханафилер ақырын айтады. Коммунистік төңкеріске дейін уаһабилердің Ауғанстан қоғамында орын алуына кедергі болған тағы бір фактор – бұл топтың шапағат, тавасул (жүгіну), зиярат сияқты мәселелерге қарсылығы. Ауғанстан қоғамы ханафилік және байсалды, сопылық  қоғам саналғанымен, бұл елде ондаған, тіпті жүздеген қасиетті орындар болған және адамдар бұл қабірлерді үлкен құрметпен зиярат етуге баратын және тавасул ететін. Бірақ уаһһабилер зиятарқа баруды бедғат, харам санап, қабірге барудан тыйған. Бұл уахабшылар мен олардың ізбасарларының Ауғанстан қоғамында тұрақты орынға ие болуына себеп болды. Ауғанстан халқы олардың уағыз айтуына рұқсат бермеді, сол кездегі Ауғанстандағы ваххабилік мешіттер көптеген мешіттерден бөлек болды. Қандағар қаласының тұрғыны және  оқиғаның куәгері былай деп айтады: «Қандағарда уахабилердің бір ғана мешіті болды, олардың мешіті барлығына белгілі, осы мешітке барған адам жек көрінішті болатын. Сондықтан уахабшылар бұл мешітке барған адамдарға жұмысшының бір күндік жалақысымен бірдей қомақты ақша төлеген. Бірақ адамдар бұл мешітке бармаған».  1978 жылға дейін ваххабизм мен ваххаби болу тек Ауғанстанда ғана емес, Пәкістанның пуштун аймақтарында да тіл тигізу болып саналды. Ауғанстан халқы мен Пәкістанның пуштундары Тарика мен Брилуи немесе ең көбі Деобанди халқы болды.Олар ваххабизм сөзін қорлау деп есептеді.

Пәкістанның пуштун аймақтарында ваххабизмді алғаш әкелген адам  Пәкістан армиясы қолбасшыларының бірі майор  Амердің әкесі Маулви Мохаммад Тахир (Маулана Тахир) болды. Мұхаммед Тахир Хайбер-Пахтунхва провинциясындағы Сваби қаласының Пандж Пир ауданында тұрғандықтан Маулана Пандж Пир деген атпен танымал болған. Сол кезде Мұхаммед Тахир Сауд Арабиясынан пуштун аймақтарына   ваххабизмді әкелген бірінші адам болды. Алғашында қарсылық көп болып, жұрт «бес қария» сөзін күпірлік пен қорлықпен тең санады. Алайда уақыт өте келе және Ауғанстанда орын алған оқиғалармен ваххабизм мен салафизм пуштундар мен Ауғанстан аймақтарында бірте-бірте белгілі дәрежеде қабылданады. Айта кететін жәйт, «Талибан» қозғалысын құруда маңызды рөл атқарғандардың қатарында майор Амер мен полковник  Имам болды. Айтылғанға қарамастан, Ауғанстандағы коммунистік төңкерістен кейін бұл елде ваххабизм мен салафизм идеологиясы пайда болды.

 

Тегтер